21 бухгалтер: Жетісу облысының тарихында ең ауқымды жемқорлық фактісі бойынша күдіктілер сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
21 бухгалтер: Жетісу облысының тарихында ең ауқымды жемқорлық фактісі бойынша күдіктілер сотталды

21 бухгалтер: Жетісу облысының тарихында ең ауқымды жемқорлық фактісі бойынша күдіктілер сотталды

Барлығы 21 білім саласының қызметкері ұзақ мерзімге сотталды.

  • 24 Шiлде
  • 6
Фото: ашық дереккөз

Жетісу облысының тарихында ең ауқымды жемқорлық фактісі бойынша айыпталған күдіктілерге үкім шықты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Олар соңғы жылдары Талдықорған қаласында мектептерге бөлінген бюджет ақшасын талан-таражға салған.

Қалалық Білім бөлімінің бас бухгалтері ОПГ құрған. Оған өз қарамағындағы 7 адамды, сондай-ақ шаһардағы 14 мектептің бухгалтерлерін тартқан. Схема қарапайым. Есепшілер “мертвые души”, яғни жалған қызметкерлерді жұмысқа алып, олар үшін жалақы аударып, қаржыны туыстарының есепшоттары арқылы қолма-қол ақшаға айналдырып отырған.

Одан тыс ішінара мектеп жөндеуіне, құрал-жабдық алуға, іссапараларға бөлінген қаржы, басқа да есебі жоқ дүние үшін қаржы аударып, жеке басына пайдаланып келген. Ұйымдасқан қылмыстық топтың 21 мүшесі жиынтық соммасы 4,5 млрд теңге (1 млн АҚШ доллары) көлемінде қаржыны ұрлаған. Олар жырғап өмір сүрген. Үй, көлік сатып алып, шетелде демалған.

Былтыр сәуірде 2,5 млрд теңгені көлігінің жүксалғышына тиеп алып, Жаркентке қарай қашып бара жатқан Білім бөлімінің бас есепшісі, ОПГ ұйымдастырушысы ұсталған еді.

Кеше Талдықорған қаласы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты 21 есепшіге үкім шығарды. Бам есепші 15 жыл, қалғандары 12 жылдан 7 жыл аралығында жаза арқалады.

Осыдан кейін қандай сапалы білім болады. Мектепте осындай жемқорлық пен лас тірлік жасалып жатқанда мектеп директорлары неге көздерін жұмған. Әлгі 14 мектептің директорларын да сұраққа алу керек еді. Алматы маңындағы Іле ауданындағы мектептердің бірінде інім физрук. Дене шынықтыру инвентарлары өте сапасыз, өзіміз ақша жинап, сатып аламыз, дейді.

«Үш мың теңгенің добын 30 мың деп көрсетіп, 27 мың теңгені қалтаға сүңгітетін ұятсыздармен бір ауа жұтып жүрміз. Екі тепсең дала-даласы шығатын допты сол жемқорлардың аузына тығындап, дарға асып қоятын радикалды шешімдер қабылдау ғана қалды.

Айтпақшы осы Іле ауданының білім бөлім басшысы да осы көктемде ұсталып, қамауда жатыр. Ол 700 млн теңгені құлқынынан өткізіп жіберген деп айыпталған еді», — деп пікір білдірді журналист.