21 мың теңгенің жыры: жалғызбасты ана екі баласын әкімдікке тастап кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
21 мың теңгенің жыры: жалғызбасты ана екі баласын әкімдікке тастап кетті

21 мың теңгенің жыры: жалғызбасты ана екі баласын әкімдікке тастап кетті

Келіншек әкім орынбасарынан әлеуметтік көмектің екінші тоқсанына құжаттарын тезірек өткізіп беруін өтінген.

  • 16 Шiлде 2019
  • 11
Фото - Caravan.kz

Жалғызбасты ана екі баласын Шымкент қаласы Абай ауданы әкімдігіне тастап кетті. Sputnik Қазақстан тілшісіне сұхбат берген әкім орынбасары Нұрлан Тілеш оқиғаның мән-жайын түсіндіріп берді.

"Бұл оқиға өткен аптада жұма күні болған. Түскі асқа шығып бара жатқанымда ол келіншек төменде қабылдауда отырды. Қолында емізулі нәрестесі, қасында тағы екі кішкентай баласы болды. 5-6 жасар балалар-ау деймін. Жалпы, төрт бала-шағасы бар екен. Мен одан неғып тұрсыз деп сұрағанмын. Ол пәтер жалдап тұратынын және оған қарыз екенін жеткізді", — дейді Тілеш.

Абай ауданы әкімі орынбасарының айтуынша, келіншек әлеуметтік көмекке балалардың құжаттарын өткізгенін айтып, соның екінші тоқсанын тезірек өткізіп беруін өтінген.

Нұрлан Тілештің өзі коммуналдық мәселелерге жауап береді. Бірақ әлеуметтік бөлімге өткізіп, сол жердегі мамандардан жалғызбасты ананың құжаттарын қарап шығуын сұраған.

"Ол кісіден атаулы әлеуметтік көмек аясында балалардың 21 мың теңгесін алдыңыз ба деп сұрап едім, алдым деді. Бірінші тоқсанда бір рет 150 мың алдым, бір рет 170 мың алдым деді. Дұрыс, бопты дедім. Содан келесі тоқсанның ақшасын тезірек түсіріп берсеңіз деп сұрады. Мен қыздарға тапсырдым да, түскі асқа кетіп қалдым", — деп атап көрсетті Тілеш.

Әкімнің орынбасары үйде отырғанда әлеуметтік бөлімнің қыздары қоңырау шалып, жалғызбасты ананың екі баласын тастап кетіп қалғанын жеткізеді. Мамандар "102-ге" хабар берген. Ал Нұрлан Тілеш жұмысқа барғанша прокуратура мен ішкі істер органдарының қызметкерлері келіп, мәселенің мән-жайын анықтауға кіріскен.


"Сағат екі жарымның кезінде анасы өзі келгенін айтты. Астына түссем, шынымен де, ол кісі келіпті. Жағдайын сұрасам, 30 мың теңгеге пәтер жалдаймын, жартысын төлеп, жартысын төлей алмай жатырмын деді. Біз ол мәселені шешіп беретінімізді айттым. Басқа мәселе бар ма десем, азық-түлік жағынан жәрдем сұрады. Оған да келістік. Сөйтіп тұрғанда ол әйел өзінен-өзі көтеріліп, маған ақша да, азық-түлік те керек емес. Маған үй керек деп айқайлай бастады", — деді Тілеш.

Осы кезде әкімдік қызметкерлері тұрғын-үй басқармасына барып, кезекке тұруға кеңес береді. Ал тергеушілер түсініктеме жазып беруді талап еткен. Осы кезде жалғызбасты ана екі баласын алып, кетіп қалған.