21-шілдедегі жағдаймен Орталық сайлау комиссиясы мәслихат депутаттығына 7521 кандидатты тіркеді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
21-шілдедегі жағдаймен Орталық сайлау комиссиясы мәслихат депутаттығына 7521 кандидатты тіркеді

21-шілдедегі жағдаймен Орталық сайлау комиссиясы мәслихат депутаттығына 7521 кандидатты тіркеді

21-шілдедегі жағдаймен Орталық сайлау комиссиясы мәслихат депутаттығына 7521 кандидатты тіркеді. Бұл туралы бүгін, 21-шілдеде жергілікті сайлау комиссиялары өкілдерімен өткізген жұмыс бабындағы кеңес барысында ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрайымы Зағаипа Балиева хабарлады.

  • 21 Шiлде 2003
  • 570
Фото - Caravan.kz

Жергілікті өкілетті органға депутаттарды сайлау 2003-жылдың 20-қыркүйегіне белгіленген.

Әзірше мәслихат депутаттығына кандидат тіркеу туралы өтініш Қазақстан коммунистік партиясынан ғана келіп түспеген. Бұл партияның сьезі 19-шілдеде өткені белгілі. Жалпы алғанда алдағы мәслихат сайлауында 3322 депутат сайланады.
Кеңес барысында сайлау комиссияларының мүшелері «»Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізу» туралы заң жобасына бірқатар ұсыныстар енгізді. Атап айтсақ, олардың арасында сайлау комиссияларының санын арттыруға және сайлау комиссияларының мүшелерін негізсіз айыптау немесе қаралаудан қорғауға, сайлау комисссияларының құрамында жұмыс істейтін партия өкілдері мен бақылаушылардың жұмысына қатысты, сондай-ақ, олардың тиісті міндеттерін орындамауға байланысты жүктейтін жауапкершілік шараларына қатысты ұсыныстар бар.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, заң жобасы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы тарапынан 1999-жылғы сайлаудан кейін айтылған барлық ескертпе- нұсқауларды ескеру негізінде ҚР сайлау туралы заңын сайлау стандарттары жөніндегі Копенгаген келісіміне сәйкестендіре отырып жасалған. Сондай-ақ, Қазақстандағы саяси партиялар мен қоғамды демократияландыру жөніндегі Тұрақты кеңестің ұсыныстары да ескерілді.
Заң жобасында көрсетілгеніндей, аумақтық округтік сайлау комиссияларын саяси партиялар, жоғары дәрежелі сайлау комиссиялары , жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мекемелері мен азаматтардың ұсынысына сәйкес тиісті мәслихаттар 5 жыл мерзіммен құратын болды.
Сайлау комиссиясына әрбір саяси партиядан бір-бір өкілден сайлану мүмкіндігі беріліп, учаскелік комиссияларды аудандық және қалалық сайлау комиссиялары құратын болды. Заң жобасында сондай-ақ, сайлау комиссиясы мүшелерінің кәсіби мәртебесі белгіленді. Сайлау комиссиясының барлық мүшелері, аппарат қызметкерлері, аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары мен хатшылары өз іс-қызметтерін кәсіби негізде атқарады. Заң жобасында көрсетілгеніндей, отырыста шешім қабылдау барысында қалыптасқан комиссия мүшесінің өзгеше пікірі жоғары сатылы сайлау комиссиясының назарына шұғыл түрде жеткізілуі тиіс. Сайлау комиссияларына комиссия шешімдерімен еркін танысуға мүмкіндік тудыру міндеті жүктеледі . Сонымен бірге, сенімді өкілдер мен бақылаушылардың құқығы , атап айтсақ олардың сайлау учаскесінде болу , көшпелі дауыс беру қобдиын бірге жүріп қадағалау, учаскелік сайлау комиссиясы төрағасының рұқсатымен фото-, аудио-, және бейнетаспаға жазып алу құқықтары дәйектелген.
Жобада әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік жүктелуі мүмкін құқық бұзушылық әрекеттердің тізімі айқындалды. Сондай-ақ, жобадан бастамашыл топтар институты туралы бап пен үміткерлердің сенімді өкілдерінің санына қойылған шектеу алып тасталды. Заң жобасында сайлауға дайындық және оны өткізу шараларына арнап Орталық Сайлау комиссиясының билігіне республикалық бюджеттен кепілді қаржы бөлу туралы бап қарастырылды.
Сонымен бірге, сайлау кезінде қоғамдық пікірге сауалнама жүргізетін социологтар, тәуелсіз бақылаушылар мен журналистер іс-қызметін халықаралық ұйымдар, халықаралық қоғамдық бірлестіктер, шетелдік мемлекеттік мекемелер, шетелдік заңды және жеке тұлғалар, және азаматтығы жоқ адамдар тарапынан қаржыландыруға тыйым салынды. Сонымен бірге, депутаттықтан үміткерлерге сайлау қорын құру құқығы берілді, бірақ қайырымдылық көмекті жасырын беруге тыйым салынады.
Сайлаушылар тізімі ІІМ-нің аумақтық органдарында азаматтарды тіркеу негізінде ғана жасалатын болды. Соның нәтижесінде «бір адам-бір дауыс» принципі сақталады. Соған сәйкес сайлаушылардың қосалқы тізімдері мен тізімнен шығару жөніндегі талондар қысқартылады.
Заң жобасы барлық үміткерлерге сайлау қорын құруға құқық береді. Бұрын мұндай құқыққа тек мәжіліс депутаттығынан үміткерлер ғана ие болып келген болатын. Мәслихат депутаттарын сайлау — салыстырмалы басым дауыс жүйесіне негізделген бір сатылы сайлау түрінде өткізіледі. Әкімшілік жазалар мен жемқорлық үшін жүктеген жаза кандидаттарды тіркеуде шектеу бола алмайды.
Сонымен бірге, заң жобасында дауыс беру процедурасы нақты дәйектелген. Округтік комиссия дауыс санау процедурасын 12 сағатқа сыйғызып бітіруге тиіс. Дауыс берудің ақырғы қорытындысы мәслихат сайлауларында 5-7, ал мәжіліс сайлауында 10 күннің ішінде жариялануы тиіс.

Соңғы жаңалықтар