Жарияланды: 560

22 маусым күні түнде Павлодарда Еске алу акциясы

22 маусымға қараған түні Павлодар скверінде, еріктілер мінген алғашқы эшалон майданға аттанған ескі теміржол вокзалының орнында Еске алу шарасы өтті.

Жастар 1418 ескерткіш балауыз шам жақты - соғыс осынша күнге созылған, деп хабарлады Павлодар мемлекеттік университетінен. «Еске алу шамы» аталған акцияны С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Жастар істері жөніндегі комитеті ұйымдастырып, Қазақстанның Студенттер альянсы, «Жас Отанның» Жастар қанаты, жастар мәслихаты және Студенттердің еңбек жасақтары штабы қолдады. Өз ата-бабаларының ерліктерін құрметтейтін мыңдаған жастар адамзат тарихындағы ең зұлмат соғыстың басталғанына 70 жыл болған күні еске алу акциясын өткізді. Павлодар облысынан майданға аттанған 47 мың адамның жартысы соғыс даласынан оралған жоқ. Жерлестері оларды ұмытпайды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін