Аталмыш шарада Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры шығарған «Мұқағали. Таңдамалы шығармалар» кітабының тұсаукесері өтеді.
Кітапты шығару қазақ поэзиясының кемеңгері Мұқағали Мақатаевтың 80 жылдық мерейтойына арналып және Қазақстанның Тәуелсіздігінің 20-жылдығына орайластырылған.
Кітапқа М.Мақатаевтың – «Атамекен», «Ақ қайың әні», «Мұзбалақ», «Алтай-Атырау», «Моцарт. Жан азасы» (Реквием), «Аққулар ұйықтағанда» атты поэмалары және таңдамалы лирикалық өлеңдері енген.
Мұқағали Мақатаевтың тұлғалық тұғырын танып, шығармашылық мұрасымен саналы түрде танысуға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлттық мәдениет пен дәстүрді қайта өркендетуге деген айрықша көңіл бөліп, ұмытылған Ұлы дала ұлдарының ұлылығын ұлықтауға арналған саясаты мүмкіндік беріп отыр. Президенттің «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы түрлі ілімдерді іздеп, зерттеп, білуге жаңа көкжиектер ашып келеді.
Бүгінгі күнде біз ұлттық және әлемдік мәдениетке үлкен үлес қосқан қазақ халқының қайталанбас тұлғасының таланты мен шығармашылығына бас иеміз.
Халықтың шынайы ақыны туралы естеліктерімен оның қасында болу бақыты бұйырған жандар бөліседі, олар – ақынның ұлы, Жұлдыз Мақатаев және Мұқағали Мақатаев Халықаралық Қорының басшысы Бахытгүл Қыдырбайқызы, белгілі ақын Айтақын Әбдіхалық, қоғам қайраткері, Мұхтар Әуезов Қорының президенті Мұрат Мұхтарұлы Әуезов және басқалар.
Мақатаев поэзиясы отаншылдық күшке толы, оның өлеңдерінің негізін өз халқына, өз тіліне деген махаббаты құрайды. Осыдан қырық жыл бұрын жазылған өлеңдері бүгінгі күні де заманға сай сарында естіледі. Ақынның туған жер мен халқына деген сарқылмас сүйіспеншілігі жүректі тереңдерден тербейді.
Келген қонақтар мен көпшілікке – «Мұкағали» атындағы республикалық поэзия байқауының жеңімпазы, жас ақын Оразақын Асқар, «Мұқағали мүшәйрасы» республикалық байқауының жеңімпазы Дарынбай Сымбат жырларын арнайды.
Қазақ поэзиясына ерекше әр беріп, қайталанбас шығармашылық шабыт сыйлаған Мұкағали, әр қазақтың жүрегінде мәңгілік ән болып қалмақ. Ақынның көптеген өлеңдеріне әуен жазылып, халық арасында танымал әнге айналған. Халық оның әндерін тыңдап, сүйсініп орындайды.
Көрермендер назарына концерттік бағдарлама ұсынылып, Мұкағалидың атақты өлеңдеріне жазылған әндерді Айжан Нұрмағамбетова мен жас әнші Жаншырай Тұрсынәлі шырқайды.
Іс-шараның басты мақсаты – көпшілік қоғамның назарын жастарды рухани-адамгершілік тұрғыда тәрбиелеу мәселесіне аудару.
Өтетін орны: 22 қыркүйек, сағат 11:00-де Алматы қ, Махатма Ганди көшесі, 10, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры.
Қосымша ақпараттарды мына байланыс телефондары арқылы алуға болады:
(727) 270-05-27, моб. 8-701-418-1599, Гүлнар Ершиманова.