22 тамызда Қазақстанның басым бөлігінде күн ашық болады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
22 тамызда Қазақстанның басым бөлігінде күн ашық болады

22 тамызда Қазақстанның басым бөлігінде күн ашық болады

22 тамызда Қазақстанның басым бөлігінде ашық ауа райы сақталады. Атмосфералық ағындардың өтуімен республиканың орталығында, шығысында, оңтүстіктегі таулы аудандарда ғана кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл көтеріледі, деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті.

  • 22 Тамыз 2016
  • 387
Фото - Caravan.kz

Республиканың солтүстігінде түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі, Қостанай облысында жел 18 м/с-қа дейін күшейеді.

Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл  облыстарында таңертең және күндіз кей жерлерде желдің екпіні 15-18 м/с-қа жетеді, күндіз найзағай ойнайды.

Қызылорда облысында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, шаңды дауыл көтеріледі.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде жел 15-18 м/с-қа дейін күшейеді, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жаууы ықтимал.


Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарында, Ақтөбе облысының кей жерлерінде аптап ыстық болады.

Ақтөбе, Қызылорда облыстарында, Оңтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.