Өңірлерден келіп түскен жедел ақпарат санақтың жалпы алғанда бір қалыпты жүргізіліп жатқандығын көрсетеді. Тұрғындардың басым көпшілігі сұхбат жүргізушілердің сұрақтарына ықыласпен және шын көңілден жауап береді, бұл акцияға саналылықпен қарайтындықтарын білдіруде.
Павлодар облысында жалған санақ жүргізушілердің, яғни ауыл шаруашылығы санағына ешқандай қатысы жоқ адамдардың азаматтардан сауалнама жүргізген екі оқиғасы тіркелді. Халықтың назарын сұхбат жүргізушілердің мөр басылған түрлі-түсті куәлігі, сондай-ақ санақ парақтарының түрлі-түсті бланкілері салынған көк портфельдері бар екендігіне аударғымыз келеді. Үй шаруашылықтарын сауалнамаға қамту респонденттердің айтқаны бойынша жүзеге асырылады.