23 ақпанда гобелен шеберлерінің "Мер және Диан шығыс өрнектері" көрмесі ашылады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
23 ақпанда гобелен шеберлерінің "Мер және Диан шығыс өрнектері" көрмесі ашылады

23 ақпанда гобелен шеберлерінің "Мер және Диан шығыс өрнектері" көрмесі ашылады

Меруерт Торыбаева (1981 ж. т.) Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының «мата жөніндегі суретші» мамандығы бойынша түлегі.

  • 22 Ақпан 2011
  • 1517
Фото - Caravan.kz

Диана Реваева (1972 ж. т.) Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының «интерьер және жиһаз дизайнері» мамандығы бойынша түлегі.

Көрменің мақсаты — Қазақ этносының көркемдік мәдениеті мен материалдық тіршілігінің маңызды саласы болып танылатын өнердің дәстүрлі түрлерін насихаттау.

Көрмеде қолдан тоқылған 40 астам гобелендер, кілемдер және кииздер көрсетіледі. Қазіргі заманда гобелендер-сирек кездесетін, бірақ жоғалмайтынына үмітіміз зор декоративтік-қолданбалы өнердің бір түрі. Бұл жұмыстарды жастардың тоқуы және аға ұрпақ өкілдерінің жұмыстарын сана-сезімдерінен өткізіп, өзіндік нақыш, мәнерлер іздеулері ерекше қуандырады. Гобелендер тоқу ісі шеберден асқан шыдамдылықты,ыждағаттылықты талап етумен бірге көп уақыт алады. Оның құралы-ағаш станок, жіптен жасалған негіз, түрлі-түсті жіптер ұршығы және әрине шебердің өнерлі саусақтары.Колорит, сәуле мен көлеңкенің түстерге әсері сияқты графика мен кескіндемеге сәйкес эстетикалық тәсілдерді, тіпті кейде көркемдік ойларына сәйкес қажет бір ғана жіптің түсін анықтауда гобелен шебері осы тәсілдерді тәжірибеге алады.

Шебер қыздың екеуі де кілем тоқу өнері көнеден келе жатқан халық өнері санатында жақсы сақталған Қазақстанның оңтүстігінен шыққан. Бәлкім, осы мамандықты таңдауларының да басты себебі осында болар.

Меруерт пен Диана кейде ойламаған жерден сыр беретін, көбінесе қатты толғандыратын композиция мазмұнына ерекше мән береді. Шығармашылық дуэт бірін-бірі толықтырып отырғанмен, әрқайсысы туындыға жан-тәнімен, болмыс-бітімімен өзінің дүниетану түсінігін, сезімдерін сыйлайды, соның нәтижесінде жеке шығармашылық мәнерлері сезіліп тұрады. Меруерт пен Диана қазақстандық шеберлерден түстер мен суреттердің қазақ халқына тән дәстүрлерін, өрнектерін үйлестіруді үйреніп, тәжірибелерін бойларына сіңдірумен ұдайы шеберліктерін шыңдап келеді.

Олардың жұмыстарының негізгі тақырыбы-қазақ халқының этникалық дәстүрлері. Әрбір гобеленнің өзінің поэтикалық атауы бар: «Тастарға да түс кіреді», «Далалар еркіндігі», «Бірлік пен Тайталастық», «Осылай сезімдер туады» және т.б.

«Мер және Диан» дуэтінің«Жаңадан құс болып туған» атты тұңғыш көрмесі Алматыдағы Мемлекеттік орталық мұражайда 2010 жылы өткізілді.

«Мер және Диан шығыс өрнектері» көрмесі мұражайда 23 ақпаннан 9 наурызға дейін өткізіледі.

Роза Әбенова, көрменің бағыттаушысы
Анықтама телефоны: 44 01 96

Перейти к новостям спорта