БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аталған екеу емхана қызметкерлерінің қолдарын жалған қою және жалақыларын заңсыз аудару жолымен 23 млн. теңге бюджет қаражатын жымқырған.
Сот үкімімен әрқайсысын 5 жыл мерзімге жауапты қызметтерді атқару құқығынан айыру және мүлкін тәркілеумен бірге А.Мұхтарова 7 жыл 6 ай, Н.Самарцева 6 жыл мерзімге сотталды.
Прокурордың Мұхтарова мен Самарцевадан 23 159 822 теңге көлемінде келтірілген залалды мемлекет пайдасына өндіру туралы азаматтық талапарызы толық қанағаттандырылды.
Аталған қылмыстық іс Орал қаласы прокуратурасының «Облыстық стоматологиялық балалар емханасы» МКК қызметін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасының сақталуына қатысты тексеруі нәтижесінде қозғалған болатын. Тергеу амалдарын БҚО прокуратурасының арнайы прокуроры жүргізді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.