23 жастағы ақтөбелік азамат кәсіпкерді қорқытып, 2 млн. теңгесін алған - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
23 жастағы ақтөбелік азамат кәсіпкерді қорқытып, 2 млн. теңгесін алған

23 жастағы ақтөбелік азамат кәсіпкерді қорқытып, 2 млн. теңгесін алған

Ақтөбелік полицейлер жергілікті кәсіпкерге қатысты қорқытып алушылық фактісін анықтады, деп хабарлайды ІІД-нің баспасөз қызметінен.

  • 30 Қазан 2012
  • 320
Фото - Caravan.kz

25 қазан күні Ақтөбе облыстық ІІД-нің кезекшілік бөліміне тұрмыстық техниканы сататын дүкендердің бірінің директоры болып жұмыс істейтін Ақтөбенің 22 жастағы тұрғыны келді.

Жәбірленуші 2010 жылдан бері қазіргі уақытқа дейін оның танысы қорқыту жолымен одан ақша алып жүргенін баяндап берді. Арнайы жедел-іздеу шараларын өткізу барысында ІІД-нің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері күдіктіні кәсіпкерден 35 мың теңге алып жатқан сәтте ұстады. Ол бұған дейін бұзақылық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған Ақтөбенің 23 жастағы тұрғыны болып шықты.

Жәбірленушінің айтуынша, соңғы ек жылда ол күдіктіге 2 миллион теңгеге жуық ақша берген.

Қазіргі кезде қорқытып ақша алушылық фактісімен ҚР ҚК-нің 181 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, күдікті ешқайда кетпеу қолхатын толтырды.

Соңғы жаңалықтар