23 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
23 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

23 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

Дүйсенбіде елімізде жел күшейіп, көктайғақ болады, тұман түсіп солтүстік өңірлерде боран соғады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

  • 23 Желтоқсан 2019
  • 11
Фото - Caravan.kz

23 желтоқсанда Атлант мұхитынан келген циклон әлі күнге дейін республиканың көп бөлігінде өз ықпалын сақтап келеді. Осыған байланысты кей жерде қар жауады, тек батыста және оңтүстік-батыста құрғақ ауа массалары жететіндіктен жауын-шашын тоқтайды. Еліміздің кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, бұрқасын соғуы мүмкін, жел күшейеді.

Маңғыстау облысында шаңды дауыл күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді.

Түркістан, Қарағанды облыстарының кей жерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл облысының кей жерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі, түнде және таңертең жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерінде бұрқасын, тұман күтіледі, Ақмола облысында жел 15-20 м/с күшейеді.


Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының күндіз кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Батыс Қазақстан облысында тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында бұрқасын күтіледі, күндіз Солтүстік Қазақстан, тәүлік бойынша Павлодар облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау облысының кей жерінде шанды дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы, Қызылорда, Актөбе облыстарында тұман түседі, Алматы облысында көктайғақ болуы ықтимал.