24,2 млрд теңге тиімсіз жоспарланған: ғылым саласына аудит жүргізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
24,2 млрд теңге тиімсіз жоспарланған: ғылым саласына аудит жүргізілді

24,2 млрд теңге тиімсіз жоспарланған: ғылым саласына аудит жүргізілді

Мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша барлығы 1,7 млрд теңге қаржылық заң бұзушылықтар анықталды

  • 19 Тамыз
  • 38
ФОТО: Sputnik

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Жоғары аудиторлық палатада ғылымды дамыту саласындағы мемлекеттік аудиттің қорытындысы қаралды.

Ғылымды қаржыландыру көлемінің 219 млрд теңгеге дейін өсуіне қарамастан, ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға жұмсалатын шығындардың үлесі төмен. Сонымен қатар, ұлттық ғылыми кеңестердің жекелеген мүшелері бір мезгілде бірнеше қаржыландырылатын жобаға қатысқаны анықталды.

Аудит барысында ғылым қорын коммерцияландыру жобаларын іске асыруда да кемшіліктер бар екені белгілі болды. Аяқталған 42 жоба жоспарлы сату көлеміне жетпеген, ал 8 жоба бойынша мүлде өнім шығарылмаған.

«Мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша барлығы 1,7 млрд теңге қаржылық заң бұзушылықтар анықталды. 24,2 млрд теңге тиімсіз жоспарланған, 42,5 млрд теңге тиімсіз пайдаланылған. Анықталған бұзушылықтардың жекелеген фактілері бойынша материалдар құқық қорғау органдарына жіберіледі», — деп жазылған хабарламада.

Барлық анықталған бұзушылықтар мен жүйелі кемшіліктерді жою үшін Үкіметке, Ғылым және жоғары білім министрлігіне және басқа да бейінді мекемелерге тиісті ұсынымдар мен тапсырмалар берілді.

Перейти к новостям спорта