Интернет пен цифрлық ресурстар дамыған заманда кітапханашы мамандығы өз қажеттілігін жоғалтқан жоқ, қазіргі уақытта кітапханалар әрдайым жаңа білім алуға және шығармашылық қабілетін шыңдауға болатын зияткерлік орталықтарға айналуда, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Кітапхана – смартфонды кітап алмастыратын орын, ал кітапханашы – қажетті ақпаратты табуға көмектесіп, бай тарихи, мәдени және ғылыми мұра сақталған әлеммен таныстыратын адам.
Елімізде 12 мыңға жуық кітапхана бар, онда 73 млн-ға жуық кітап сақталған.
Президент кітапхана ісін жандандыру және олардың санын арттыруға берген тапсырмалары қарқынды жүзеге асып келеді. Биыл, ҚР Үкіметінің 2022 жылғы қазандағы қаулысымен «24 қазан- КІТАПХАНАШЫЛАР күні» болып бекітілді.
Бүгінде рухани өміріміздің өзегі іспеттес ғылымды көпшілік оқырманға, ертеңгі ел тізгіні ұстар жас жеткіншек ұрпаққа насихаттауда, рухани мәдени байлығымызды ұрпақтан — ұрпаққа жеткізуші кітапхана болса, сол байлықты өз оқырманына таныстырып, табыстырушы өзіндік тұлға, ол – кітапханашы.