24 қараша күні түнде Қызылорда облысында мектеп жанды
24 қараша күні, түнгі сағат екі жарым шамасында Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында орналасқан №208 орта мектепте өрт болды. Ол екі жарым сағаттан кейін сөндірілді. Жалынмен күреске Қызылорда облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 21 адамы мен 4 техникасы жұмылдырылды. Тілсіз жау 144 шаршы метр аумақты жойды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. |
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін