Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Оның сөзінше сол күні мерт болған үш адамды қаққан көлік иесі қарсы бетке жоғары жылдамдықпен шығып кеткен.
«Әл-Фарабидің бойында болған ДТП, үш адам қайтыс болған. Жай әншейін дөңгелек жарылды немесе қарсы бетке шығып кетті деп ойлайсыздар ма? Жоқ, олай емес. Бес машина, «Золотая молодежь».
Біреуінде мемлекеттік номер, біреуінде ол да жоқ. Двойной сплошныйды қиып, солтүстікке қарай тігінен жүреді. Әл-Фарабидің бойымен шығыстан қайта айналады, сөйтіп Достықта ДТП жасайды. Яғни, Достықта 250-мен қарсы бетке шығып кеткен.
Қарсы келе жатқан мерседесті соғып, ары қарай Фурмановаға қарай ұшып кетеді. Қанша метр ұшқанын есептейтін болсаң Zeekr-дің, тоқтай алмаған.
Кез келген адам солай жай келе жатып, өліп кетуі мүмкін. Сол жарысқан үш көліктің ішінде департамент полицияның орынбасарының бір көлігі, қызметтік көлігі шығады. Демалыс күні 21-і күні көлік негізі автошаруашылықта тұру керек. Қандай рапорт жазсаң да, түнде олай қыдырып жүруге немесе көлікпен ары-беру қатынауға құқығың жоқ.
Ондай номерді жай инспекторлар тоқтата алмайды. Мына жерде тек бір күндегі штрафы ғана, барлығын қосқанда 1 млн теңге болатын шығар», — деді ол.