26 қараша. АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
26 қараша. АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

26 қараша. АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

26 қараша. ДҮЙСЕНБІ

  • 26 Қараша 2012
  • 555
Фото - Caravan.kz

Ақпараттың дүниежүзілік күні. Қызметі ақпараттық технологиялар мен компьютерге негізделген кәсіп иелерінің мерекесі. 1988 жылы негізі қаланған Халықаралық ақпараттандыру академиясының (ХАА) бастамасымен атап өтіледі.

ХАА — БҰҰ Экономикалық және Әлеуметтік кеңесінде Бас консультативтік мәртебесі бар әлемдегі жалғыз академия. Әлемнің 140-тан астам елінде тіркелген, бірнеше ірі қалаларда штаб-пәтері орналасқан. Ақпараттық қызмет саласына байланысты іргелі және қолданбалы зерттеулер жасаумен айналысады.

Моңғол Республикасының мемлекеттік мейрамы — Республиканың құрылған күні (1924). Қазақстан Республикасы мен Моңғол Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы қаңтардың 22-інде орнатылды.

Абхазияда Конституция күні. 1994 жылғы 26 қарашада Абхазия Республикасы Жоғарғы Кеңесі «Егеменді, демократиялық, құқықтық мемлекет — Абхазия Республикасының Конституциясын» қабылдады.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

21 жыл бұрын (1991) Елбасы Н.Ә.Назарбаевқа «Теміртау қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.

19 жыл бұрын (1993) Оңтүстік Қазақстан облысының Төле би ауданында Төле биге ескерткіш ашылды.

15 жыл бұрын (1997) Алматыдағы көшелердің біріне ғалым Мүсілім Базарбаевтың есімі берілді.

7 жыл бұрын (2005) «Ұлытау» тобының «Жұмыр, Қылыш» деп аталатын алғашқы жеке альбомының тұсаукесері өтті. Махамбеттің «Жұмыр, Қылыш» күйінің атымен аталған жаңа дискіге «Ұлытау» тобының орындауындағы 10 композициялық шығарма топтастырылған. Үнтаспа Мәскеудегі Владимир Осинскийдің студиясында жазылып, АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласындағы «Paramaunt Records» студиясында өңдеуден өткен.

16 жыл бұрын (1994) Қазақстан баспасөз клубы құрылған. Бұл — Қазақстандағы БАҚ-тар, мемлекеттік және бизнес жүйелер, халықаралық ұйымдар үшін коммуникативтік және ақпараттық қызметтердің кешенді түрлерін көрсететін ұйым. Жұмыс істей бастаған кезеңнен бері 3000-нан астам баспасөз мәслихаттарын және басқа да ауқымды шаралар өткізген. Жоғары деңгейдегі кәсіби қызметтері үшін көптеген наградалармен және грамоталармен марапатталған.

8 жыл бұрын (2004) Алматыда, «Суретшілер үйінің вернисажында», Елена Бейсембинованың «Менің әлемім терезесі» жеке көрмесі өтті. Экспозицияға суретшінің кескіндеме өнері мен қолданбалы өнер туындылары қойылды.

Е. Бейсембинова — декоративтік-қолданбалы өнер және мультипликациялық кино жанрларының шебері.

4 жыл бұрын (2008) Нью-Йорктегі Линкольн орталығында «Кең байтақ қазақ даласының әуендері» деп аталған фольклорлық-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрінің концерті болды. Нью-Йорктегі дипломатиялық корпустың, қазақ диаспорасының көптеген өкілдері және қазақ мәдениеті мен Қазақстанды танығысы келген қыруар америкалықтар оркестр өнеріне тәнті болып, шаттанған қуанышпен дүркірете қол соқты.

5 жыл бұрын (2007) Астанада Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Күнгей мен көлеңке» атты кітабының тұсаукесері өтті.

Кітап Қазақстанның сыртқы саясат бағытының құрылу, даму және нығаюы тарихына арналған. Онда маңызды мәліметтердің, тарихи фактілердің құнды мәліметтері бар. Еңбек қазіргі заманның көрнекті саяси қайраткерлері — мемлекеттер және үкіметтер басшыларының, әлемдік қоғамдастықтың көптеген елдерінің жоғары лауазымды тұлғалардың көлемді, әрі жарқын суреттер галереясы. Автор Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жан-жақты халықаралық қызметіне, оның Қазақстанның халықаралық ұстанымын нығайту және мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмысы жайындағы қажырлы еңбегіне баса назар аударады. Біз еліміздің сыртқы саясаттағы басымдықтарын айқын анықтадық. Бұл оның ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды факторға айналды. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының спикері Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Күнгей мен көлеңке» кітабының алғысөзінде осылай делінген. «Бүгінгі Қазақстанның негізін қалаған Президент Н.Назарбаевтың сөзімен айтқанда, біздің еліміз осындай қысқа мерзім ішінде ғасырға тең жолдан өтті. Шынтуайтында, көптеген саясаткерлер мүмкін емес дегенді шындыққа айналдырдық. Бәрінен бұрын, толыққанды мемлекет құрдық. Қазақстан «жолы болмаған мемлекеттердің» кебін кимеді. Елбасы басшылық еткен реформаторлар командасының күш-жігерімен біздің экономика қажетті тұрақтылыққа қол жеткізді. Қазақстан қысқа мерзімнің ішінде әлемнің барлық жетекші елдерімен тұрақты өзара қарым-қатынас құра білді», деп жазылған кітаптың алғы сөзінде.

5 жыл бұрын (2007) Астанада Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі жанындағы «Сауда саясатын дамыту орталығы» (ССДО) АҚ-ның «Халықаралық саудада әкімшілік кедергілерді азайту» жобасы аясында Германияның техникалық ынтымақтастық жөніндегі қоғамына (GTZ) консалтингтік қызмет көрсету жөнінде келісімге қол қойылды. Аталмыш келісім Қазақстан үшін әкімшілік кедергілерді азайту пайдасын зерттеуге бағытталған.

3 жыл бұрын (2009) белгілі қазақстандық актер, ақын Андрей Колесниковтың «На краешке земли» атты төртінші жинағы жарық көрді.

Ақын Андрей Колесников «Вчерашний день», «Звездная сирень» и «Сердцетворения Андрея Колесникова» атты еңбектерімен оқырмандарға танымал. Соңғы екі кітабы АҚШ Конгресінің кітапханасында сақтаулы.

3 жыл бұрын (2009) Минскіде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Беларус Республикасының Президенті Александр Лукашенко жоғары деңгейде келіссөздер жүргізіп, оның қорытындысы бойынша екі елдің арасында бірқатар екі жақты құжаттарға қол қойылды.

Атап айтқанда, Мемлекет басшылары Бірлескен мәлімдемеге қол қойды. Сонымен қатар, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен БР Денсаулық сақтау министрлігі арасында денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге; ҚР Үкіметі мен БР Үкіметі арасында өндірістік және ғылыми-техникалық кооперациялар туралы келісімге; Қазақстан Республикасы мен Беларус Республикасы арасындағы 2009-2016 жылдарға арналған экономикалық ынтымақтастық бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі 2010-2011 жылдарға арналған бірлескен іс-шаралар жоспарына; ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі мен БР Қаржы министрлігі арасында өзара түсіністік туралы меморандумға; Ақтөбе облысының әкімдігі мен Гродно облыстық атқарушы комитеті арасында сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық туралы келісімге; Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі мен Могилев облыстық атқарушы комитетінің арасында сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

ЕСІМДЕР

133 жыл бұрын (1879-1940) ғалым, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, КСРО Ғылым Академиясының академигі АРХАНГЕЛЬСКИЙ Андрей Дмитриевич дүниеге келген.

Ресей Федерациясының Рязань қаласында туған. Архангельский КСРО Ғылым Академиясының қазақстандық базасын ұйымдастыруға белсене қатысты. Осы база Қазақ филиалына (қазіргі Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясы) айналғаннан кейін оның төрағасы болды.

Негізгі ғылыми еңбектері Еділ сыртының, Арал ойысының, Орта Азияның палеоген және бор шөгінділерінің стратиграфиясын, литологиясын, палеонтологиясын, боксит, темір, марганец кендерінің пайда болуының геологиялық жағдайларын зерттеуге арналған. Салыстырмалы литология әдісінің негізін салған.

52 жыл бұрын (1960) Маңғыстау облысының әкімі МҰХАМЕДЖАНОВ Бауыржан Әлімұлы дүниеге келді.

Жамбыл облысының Мерке ауданында туған. С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті) бітірген.

1983-1990 жылдары — Қазақ мемлекеттік университетінің оқытушысы. 1990-1994 жылдары — Жоғарғы Кеңес Төрағасының аға консультанты, сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары, секретариат меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің заң және құқықтық сараптау бөлімінің меңгерушісі. 1994-1997 жылдары — Қазақстан Республикасы Президент аппаратының заң шығару бастамасы бөлімі меңгерушісінің орынбасары, меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі заңнама және құқықтық сараптау бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Жоғары сот кеңесінің хатшысы. Қазақстан Республикасы Жоғары тәртіптік кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің заң және сот-құқықтық жүйесі мәселелері жөніндегі бөлімнің меңгерушісі. 1997-2000 жылдары — Қазақстан Республикасының Әділет министрі. 2000-2002 жылдары — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары. 2002-2003 жылдары — Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары. 2003-2005 жылдары — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары. В 2005-2009 жылдары — Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі қызметтерін атқарған. 2009 жылдың сәуірінен — Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты. Қазірргі қызметінде 2011 жылғы желтоқсаннан бері.

ІІІ дәрежелі «Барыс», «Парасат» ордендерімен, медальмен және Құрмет грамоталарымен марапатталған.

55 жыл бұрын (1957) Шығыс Қазақстан облысы Звырян ауданының әкімі CӘЛІМОВ Ермак Бидахметұлы дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Шірікаяқ ауданында дүниеге келген, ұлты — қазақ.
1981 жылы Қазақ саяси техникалық институтын тау инженер-маркшейдері мамандығы бойынша, 2001 жылы Қазақ мемлекеттік құқықтық академиясын заңгер мамандығы бойынша аяқтады.
Өз еңбек жолын ШҚО Глубокое ауданы Ертіс полиметтал комбинатының Березовский кен орнында шахтының жер асты тау мастері болып бастады. 1985 жылдан 1987 жылға дейін қауіпсіздік техникасы бойынша бас инженердің орынбасары, Ертіс кен орнының № 3 жер асты тау учаскесінің бастығы болып жұмыс атқарды. 1987 — 1989 жылдары — Ертіс кен орныны партиялық бюросының хатшысы. 1989 — 1994 жылдары — ШҚО Глубокое ауданы Ертіс полиметтал комбинаты Ертіс кен орнының № 3 жер асты тау учаскесінің бастығы. 1994 — 1996 жылдары — ШҚО Глубокое әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары. 1996 — 1997 жылдары — ШҚО Глубокое ауданы «Ертіс полиметалл комбинаты» акционерлік қоғамының сенімді басқарушысы. 1997 — 1999 жылдары — ШҚО Глубокое ауданы әкімінің орынбасары. 1999 — 2000 жылдары — ШҚО Глубокое ауданы «Ертіс мыс балқыту зауыты» ЖШС, «Тау-кен байыту комбинаты» ЖШС конкурстық басқарушысы. 2001 — 2008 жылдары — ШҚО Глубокое ауданы әкімінің орынбасары. 2008 — 2009 жылдары — ШҚО кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы. 2009 жылдың шілдесінен 2009 жылдың қарашасына дейін ШҚО Риддер қ. әкімі.
2009 жылдың 2 қарашасында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.
2010 жылдың шілдесінен бастап Зырян ауданының әкімі болып тағайындалды.

51 жыл бұрын (1961) Осакаров ауданның әкімі АЙМАҚОВ Сержан Жаңабекұлы дүниеге келді.

Қарағанды облысының Қарқаралы қаласында дүниеге келді. 1983 жылы Қарағанды Политехникалық институттың инженер — механик мамандығын оқып шығады; 2001 жылы Заманауи гуманитарлық институтын тәмамдап экономика бакалавры дәрежесін иеленеді; Қазақ және орыс тілдерін жіті біледі. 1978 жылдан Қарағанды политехникалық институттың студенті. 1983 жылдан бастап Қарағанды облысының Тұтыну одағының автобазасының Қарқаралы автоколоннасының механигі болып жұмыс атқарады. 1987 жылдан бастап Қарағанды облысының, Қарқаралы ауданының ҚР ЛКСМ-ның 2 хатшысы болады. 1989 жылдан бастап Қарқаралы аудандық аукомның Компартиясының нұсқаушысы болады. 1990 жылы қалалық атқарушы комитетінің төрағасының орынбасары болып, Қарқаралының қалалық әкімшілігінің бөлімнің меңгерушісі қызметін атқарады. 1994 жылдан бастп Қарқаралы қаласының әкімінің орынбасры болып тағайындалады. 1997 жылдан Қарағанды облысының, Қарқаралы ауданының салықтық комитетінің төрағасы болады. 2000 жылдың маусым айынан Қарағанды облысының, Қарқаралы аудан әкімінің орынбасары болып тағайындалады. 2007 жылдан бастап Қарағанды облысының құрылыс басқармасының басшысының орынбасары болып жұмыс істейді. 2010 жылдың тамызынан бастап Қарқаралы ауданының әкімі болып тағайындалады. 2011 жылдың қазанынан бастап Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімі лауазымын атқаруда.

74 жыл бұрын (1938) кеңестік тележүргізуші, Орталық телевидение дикторы, Ресей халық әртісі ШАТИЛОВА Анна Николаевна дүниеге келді.

73 жыл бұрын (1939) американдық әнші, әндер авторы, «Рок-н-ролл патшайымы» Тина ТЕРНЕР (шын аты-жөні — Анна Мэй Баллок) дүниеге келді.