26 қазанда Қазақстанның солтүстігі мен оңтүстік-батысында жауын-шашын болуы ықтимал - kaz.caravan.kz
  • $ 510.81
  • 578.59
+26 °C
Алматы
2025 Жыл
2 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
26 қазанда Қазақстанның солтүстігі мен оңтүстік-батысында жауын-шашын болуы ықтимал

26 қазанда Қазақстанның солтүстігі мен оңтүстік-батысында жауын-шашын болуы ықтимал

Дүйсенбі, 26 қазанда Қазақстанның солтүстігі мен оңтүстік-батысында кей жерлерде жауын-шашын, тұман, көктайғақ, оңтүстік және шығыс бөлігінде жауын-шашынсыз болады деп күтілуде.

  • 26 Қазан 2015
  • 295
Фото - Caravan.kz

«Қазгидромет» РМК ақпаратынша, Қызылорда облысында кей жерлерде жел 15-20 м/с дейін күшейіп, шаңды дауыл болуы ықтимал.

Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түсіп, жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде көктайғақ, тұман, жел 15-20 м/с дейін күшеюі мүмкін.

Павлодар облысында кей жерлерде көктайғақ болады.


Шығыс Қазақстан облысында Жарма ауданында жел 15-20 м/с дейін жетуі ықтимал.

Алматы облысы Жалаңашкөл ауданында жел жылдамдығы 18-23, кей жерлерде 27 м/с болады деп күтілуде.