273 павлодарлық оқушы облыстық олимпиаданың дипломдарымен марапатталды
Павлодарда оқушылардың жалпы білім беру пәндері бойынша облыстық олимпиадасы аяқталды, деп хабарлады «Ертіс дарыны» аймақтық ғылыми-тәжірибелік орталығынан. |
Жеті жүзге жуық қатысушылардың ішінде 273 оқушы дипломдармен марапатталды, соның ішінде 61-і І дәрежелі дипломдар алды.
№ 8 мектеп-лицейінің сегізінші сынып оқушысы Ахмад Сумекенов «Олимпиаданың жаңа есімі» аталымында жеңіске жетті.
Дарынды балаларға арналған көпсалалық облыстық мектеп-лицейі «Үздік олимпиада командасы» атағына ие болды, екінші орында № 8 лицей, үшінші орынды қазақ-түрік лицейі алды.
Баянауыл ауданының ұжымы «Үздік аудандық команда» атанды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін