Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Алдағы үш тәулікте Қазақстанның солтүстік жартысы Солтүстік-батыс антициклонның ықпалында қалады, осыған байланысты ауа райы аязды, көбіне жауын-шашынсыз болады.
"Түнде термометр бағаны 20…28 градус аязға дейін жетеді. Елдің оңтүстік жартысына Оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар әсер етеді, жауын-шашын, кейде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі, жел күшейіп, көктайғақ болады және ауа температурасы күндіз 0…+10 градусқа дейін, түнде 0…-10 аязға дейін төмендейді деп болжанып отыр", — делінген хабарламада.
Сондай-ақ синоптиктер республика бойынша тұман түсуі мүмкін екенін ескертті.