Жарияланды: 830

28 қараша. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

28 қараша. СӘРСЕНБІ

Мавритания Ислам Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1960). Мавритания - Африка құрлығының солтүстік-батысында орналасқан мемлекет. Солтүстігінде Батыс Сахарамен, Алжирмен, шығысында Малимен, Сенегалмен, батысында Атлант мұхитымен шектеседі. Астанасы - Нуакшот қаласы. Ресми тілі - араб тілі. Ақша бірлігі - угия. Албания Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздігінің және байрағының күні (1912). Албания - Еуропаның оңтүстік-шығысында, Балқан түбегінің батыс бөлігінде орналасқан мемлекет. Солтүстігінде және солтүстік-батысында Сербия, Черногориямен, шығысында Македония Республикасымен, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында Мали, Сенегалмен, батысында Адриат теңізімен шектеседі. Астанасы - Тирана қаласы. Ақша бірлігі - лек. ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР 14 жыл бұрын (1998) Ұлыбританияда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Уақыт туралы, тағдырлар туралы, өзім туралы» атты кітабы ағылшын тілінде жарық көрді. 7 жыл бұрын (2005) Оңтүстік Қазақстан облысында осы заманғы жаңа кеден терминалының ашылу салтанаты болды. «Қазығұрт» кеден бекеті Сарыағаш ауданындағы Қазақстан-Өзбекстан шекарасында орналасқан. Бұл бекет - Оңтүстік Қазақстанда салынған үшінші кеден терминалы. Ол «Жібек жолы» және «Ғани Мұратбаев» бекеттері сияқты «бір аялдама» ұстанымы бойынша жұмыс істейді. Кешен контрабандалық тауарларды, оның ішінде, есірткілерді де тауып алуға, құжаттар мен ақша банкноттарының растығын тексеруге мүмкіндік беретін осы заманғы құралдармен жабдықталған. 7 жыл бұрын (2005) Қызылорда облысының Сырдария ауданында күріш өндіретін жаңа зауыт іске қосылды. Жоба құны үш миллион АҚШ долларын құрайды. Зауыт күніне 300 тоннаға дейін күрішті қайта өңдеп және қаптай алады. 6 жыл бұрын (2006) Алматыда Қазақстанның белгілі қоғам қайраткері, Қазақстан халықтары Ассамблеясының мүшесі, Ұлы Отан соғысының ардагері Леонид Гирштің «Өмір үшін» атты жаңа кітабының тұсау кесер рәсімі болып өтті. Кітапта ардагер майдангердің жас толқынды елін, жерін, халқын сүйіп, оны қорғауға үндейтін әскери және бейбіт тақырыптағы бірқатар өлеңдері мен мақалалары келтірілген. 4 жыл бұрын (2008) Талдықорғанда Қазақстан халқы ассамблеясы Алматы облыстық бөлімінің Достық үйі ашылды. Бүгінгі күні мұнда барлық 23 аудандық ұлттық-мәдени орталықтардың кеңселері орналасқан. Бұл ғимаратта мемлекеттік тілді ғана емес, басқа да ұлттар тілін үйренуге мүмкіндік беретін мультимедиалық және лингофондық орталық, дыбыс жазу студиясы, би залы, 200 орындық мәжіліс залы, 50 орындық «дөңгелек үстелдер» өткізетін конференц залы, 70 орындық кафе бар. Бас сәулетшісі - Қазақстан Сәулетшілер одағының мүшесі Нұркен Белдібаев. Ғимараттың жалпы көлемі - 4207 шаршы метр. 7 жыл бұрын (2005) Павлодардың Бұқар жырау атындағы облыстық әдебиет және өнер мұражайы «Жергілікті мұражайларды қолдау» акциясының барысында қала тұрғындары сыйға тартқан 418 жаңа жәдігермен толықты. Сыйлықтардың арасында Мәдидің тұтынған «Құранын» және Мұхтар Әуезовтің 1947 жылы жарық көрген «Абай» кітабын атауға болады. Олардың екеуі де араб әріптерімен басылған. Мұражайдың кітап қоры павлодарлық танымал қаламгерлер Мұзафар Әлімбаевтың, Нұтфолла Шәкеновтың шығармаларымен, қуғын-сүргін жылдары Ертіс селосында тұрған Сібір жазушысы Ефим Пермитиннің төрт томдығымен, орыстың белгілі ақыны Марина Цветаеваның сіңлісі, өткен ғасырдың 50-інші жылдары Павлодарда тұрған жазушы Анастасия Цветаеваның авторлық қолтаңбасы бар «Естеліктер» кітабымен толықты. Мұражайға атақты әнші Суат Әбусейітовтың жеке заттары мен фотосуреттері келіп түсті. Варна қаласында (Болгария) өткен Халықаралық байқау-фестивалінің жүлдегері жас суретші Лилия Мельник мұражайдың балалар бөліміне көрмеде көрсетілген суреті мен фестивальдің буклетін тарту етті. 5 жыл бұрын (2007) С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры Арыстан Ғазалиевтің бастамасымен шығарылған «Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті үлгісіндегі имиджелогия негіздері» кітабының тұсаукесері өтті. Бұл кітаптың тең авторлары елімізге белгілі ғалымдар, мемлекет қайраткерлері мен саясаткерлер болып табылады. Олардың ішінде Жансейіт Түймебаев, Игорь Рогов, Сергей Дьяченко және т.б. бар. 5 жыл бұрын (2007) Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Грузия Үкіметінің арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. 5 жыл бұрын (2007) Президенттік мәдениет орталығында халық жазушысы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Әбіш Кекілбаев туралы түсірілген «Ақ шағылда туған арман», «Парасат биігінде» атты деректі фильмдерінің тұсаукесер рәсімі болды. Автор бұл деректі фильмдерде Ә.Кекілбаев өмірінің әр кезеңін бейнелей отырып, кейіпкер образын шынайылықпен сомдаған. «Ақ шағылда туған арман» деректі фильмі жазушы Әбіш Кекілбаев туралы баяндай отырып, оның шығармашылығына егжей-тегжейлі шолу жасалған. Ал екінші «Парасат биігінде» фильмінде Әбіш Кекілбаев мемлекет қайраткері, көркемсөз шебері ретінде бейнеленген. ЕСІМДЕР 124 жыл бұрын (1888-1952) халық ақыны ТӘЖІБАЕВА Айманкүл дүниеге келді. Қызылорда облысының Қараөзек стансасында туған. Ауыл молдасынан хат танып, қиса-хикаяттарды, Фирдоуси, Низами, Хафиз, Науай, т.б. шығармаларын, Қазан, Уфа баспаларынан шыққан қазақ дастандарын оқып, парсы тілін үйренген. 1915 жылы жұбайы Тәжібай қайтыс болғанда шығарған жоқтауы, басқа да өлеңдері кезінде ауыл арасына кең тараған. Өлеңдері 1937 жылдан жергілікті баспасөзде жариялана бастаған. 1936 жылы қазақ әдебиеті мен өнерінің Мәскеуде өткен онкүндігіне қатысқан. Отан соғысы жылдарындағы жырлары «Ана үкімі», «Аттаныңдар, қыздарым», «Отпен ойнама, өлесің» т.б. шығармалары ақындардың жалпы жинақтарына енген. 84 жыл бұрын (1928-1996) биология ғылымының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері СЫБАНБАЕВ Серікхан дүниеге келді. Қырғыз ауыл шаруашылығы институтын, Қазақстан Ғылым академиясының аспирантурасын бітірген. 1952-1982 жылдары - Қазақстан Ғылым академиясы Зоология институтының кіші, аға ғылыми қызметкері, ғалым хатшысы, директордың орынбасары, зертхана меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1982 жылдан Қазақ педагогикалық институтының профессоры болған. Ғалымның негізгі ғылыми еңбектері паразитология және протозоология мәселелеріне арналған. Ол мал және үй құстары кокцидиоздары мен қан паразит ауруларынан арылу шараларының ғылыми негізін жасаған. Жабайы жануарларда болатын кокцидияны зерттеген. Сыбанбаевтың басшылығымен республиканың ландшафтық-географиялық белдемдеріне арнайы экспедициялар ұйымдастырылған. Оның 4 моноргафиясы мен 150-ден астам ғылыми еңбектері жарық көрген. 88 жыл бұрын (1924-2008) тау-кен инженері, Мемлекет және қоғам қайраткері ОМАРОВА Зауре Сәдуақасқызы дүниеге келді. Қарағанды облысының Ұлытау ауданының Қарсақпай кентінде туған. Днепропетровск тау-кен институтын бітірген. Еңбек жолын Қарағанды шахталарында бастап, шахта ауысымының бастығы, шахта бастығы қызметіне дейін көтерілген. 1954 жылдан бастап 2 рет КСРО Жоғары Кеңесінің, 6 рет Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің депутаты болып сайланған.1958-1963 жылдары - Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары. 1963-1966 жылдары - Алматы облыстық атқару комитетінің төрағасының орынбасары, төрайымы. 1966-1980 жылдары - Қазақ КСР Әлеуметтік қамсыздандыру министрі, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. «Отан», Ленин, 2 рет Еңбек Қызыл Ту және «Құрмет белгісі» ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған. 48 жыл бұрын (1964) Қостанай облысының әкімі СӘДУАҚАСОВ Нұралы дүниеге келді. Қостанай облысында туған. К.А.Тимирязев атындағы Москва ауыл шаруашылық академиясын бітірген. 1998-2000 жылдары Қостанай облысы Әулиекөл ауданының әкімі, 2000-2004 жылдары Қостанай ауданының әкімі, 2004-2006 жылдары Қостанай қаласының әкімі қызметтерін атқарған. 2006 жылдан Қостанай облысы әкімінің орынбасары. Қазіргі қызметінде - 2012 жылғы қаңтардан бері. 77 жыл бұрын (1935-1983) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының (мәтіні) авторы, көрнекті ақын, аудармашы, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері НӘЖІМЕДЕНОВ Жұмекен Сабырұлы дүниеге келді. Атырау облысы Құрманғазы ауданында туған. Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясының ұлт аспаптары факультетін, М.Горький атындағы Әдебиет институты жанындағы Жоғары курсты бітірген. 1959-1965 жылдары - «Жазушы» баспасының кіші редакторы, 1965-1966 жылдары - республикалық «Лениншіл жас» газетінде әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі. 1966-1971 жылдары - Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші. 1974-1978 жылдары - Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің редакторы, 1978-1983 жылдары «Мектеп» баспасында редакция меңгерушісі қызметтерін атқарған. Тұңғыш кітабы «Балауса» деген атпен 1961 жылы жарық көрді. Алпысыншы жылдардан бастап өлеңдері мен шығармалары, үш романы, аударма кітаптары «Жазушы», «Жалын» баспаларынан жарық көрген. «Балауса», «Сыбызғы сыры», «Жоқ, ұмытуға болмайды», «Күй кітабы», «Мезгіл әуендері», «Ұлым, саған айтам», «Қызғалдақ жайлы баллада», «Темірқазық», «Менің топырағым» кітаптары, үш томдық шығармалар жинағы, «Мен - тамырмын» дастандары, «Қасірет пен қайсарлық», «Жұмекен», «Жаңғырық», «Жарық пен жылу», «Весенние ветры», «Мен туған күн», «Жеті бояу», «Шуақ», «Ашық аспан», «Қыран қия», «Тебе говорю, потомок» толғау, поэмалары мен жырлары, «Ақ шағыл», «Кішкентай», «Даңқ пен дақпырт» атты романдарының авторы. 1967 жылы «Жоқ, ұмытуға болмайды!» атты поэмасы үшін Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты атанды. Ақын жырлары бірнеше шет ел тілдеріне аударылған.Жұмекен Нәжімеденов мәтінін жазған «Менің Қазақстаным» 2005 жылы әнұран болып бекітілді. Ақынның есімі өзінің туған жері Атырау облысы Құрманғазы ауданындағы ауылға берілген. 55 жыл бұрын (1955) ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары ЖИЕНҚҰЛОВ Оңдасын Елубайұлы дүниеге келді. Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында туған. Қазақ политехникалық институтын (Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университеті) бітірген. 1977-1990 жылдары - «Жамбылауылқұрылыс» тресі Өндірістік монтаждау комбинатының инженері, аға прорабы, бас инженері. 1990-1994 жылдары - Мойынқұм аудандық «Агроқұрылыс» басқармасының төрағасы. 1994-1995 жылдары - Мойынқұм ауданы әкімінің орынбасары міндетін атқарушы. 1995-1998 және 1999-2000 жылдары - «Мойынқұмагроқұрылыс» акционерлік қоғамының директоры. 2000-2007 жылдары - Мойынқұм ауданы әкімі қызметтерін атқарған. 2007 жылдан Талас ауданының әкімі. Қазіргі қызметінде 2010 жылдан бері. «Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасы Конституциясына 10 жыл» мерекелік медальдарымен, Білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің Құрметті қызметкері» төс белгісімен, облыс Әкімінің «Құрмет грамотасымен» марапатталған. 56 жыл бұрын (1956) К.Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрының солисі МОМБЕКОВ Байғали Түймебайұлы дүниеге келді. Оңтүс тік Қазақстан рблысында туған. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының әншлік факультетін бітірген, опералық және камералық әнші, педагог. 1999 жылдан Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрының солисі. Қазіргі қызметінде - 2000 жылдан бері. 56 жыл бұрын (1956) ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі ЖЫЛҚАЙДАРОВ Сәкен Егінбайұлы дүниеге келді. Алматы облысы Көксу ауданы Куйбышев атындағы ұжымшарда туған. Қазақ политехникалық институтын және Алматы жоғары партия мектебін бітірген. 1979-1993 жылдары Алматы қаласы Совет аудандық комсомол комитетінің хатшысы, «Алматы гортеплокомэнерго» партия комитетінің хатшысы болып жұмыс істеді. 1993-1996 жылдары - Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің орынбасары. 1997-1999 жылдары - Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімінің бірінші орынбасары. 1999-2011 жылдары - Алматы облысы Талдықорған қаласының әкімі. 2011-2012 жылдары - Алматы облысы әкімінің орынбасары. 2012 жылғы қаңтардан бастап V сайланған Парламент Мәжілісінің депутаты. «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған. «Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы», «50 лет Целине», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медальдарымен марапатталған. 40 жыл бұрын (1972) «KAZENERGY» Қазақстандық мұнай-газ және энергетикалық кешен қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің бас директоры МАҒАУОВ Әсет Маратұлы генеральный директор Объединения юридических лиц «Казахстанская ассоциация организаций нефтегазового и энергетического комплекса Атырау облысының Құлсары кентінде туған. И.М. Губкин атындағы Мемлекеттік мұнай және газ академиясын (1994) инженер-экономист мамандығы бойынша бітірген. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін біледі. 1994 жылдан - «Теңізмұнайгаз» АҚ экономисі, бөлім бастығының орынбасары. 1998 жылдан - ҚР Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Экономикалық талдау және мониторинг басқармасы бастығының орынбасары, Мемлекеттік активтерді басқару департаментінің директорының орынбасары. 2001 жылдан - «Қазақ ¥МК ЖАҚ Теңіз жобасы департаментінің қаржылы» экономикалық мәселелер жөніндегі бас менеджері. жылдан - «Мұнай және газ көлігі» ¥К» ЖАҚ Сервистік департаменті директорының орынбасары. 2002 жылдан - «ҚазМұнайГаз» ¥К» АҚ ТШО-дағы үлестерді басқарді , жөніндегі департаменті директорының орынбасары. жылдан - «Теңізшевройл» ЖШС бас директорының басары. 2006 жылдан - «ҚазМұнайГаз» ¥Қ» АҚ ді басқару женіндегі басқарушы директоры. 2008 жылдың желтоқсанынан - ҚР Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі. 2010 жылдан бері - ҚР Мұнай және газ вице-министрі. 2011 жылдан «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директоры Қазіргі қызметінде - 2012 жылғы қарашадан бері. 40 жыл бұрын (1972) ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі ҚОҢЫРОВ Айқын Ойратұлы дүниеге келді. Көкшетау облысы Куйбышев қала үлгісіндегі кентінде туған. Көкшетау мемлекеттік университетін, «Фемида» Қарағанды заң академиясын бітірген. Еңбек жолын 1989 жылы Куйбышев аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының автобазасында слесарь болып бастаған. 1997 жылдан бастап кәсіпкерлік қызметпен айналысқан. 2004-2011 жж. «News Print» ЖШС жетекшісі («Московский комсомолец в Казахстане» газетін шығару). 2005-2006 жж. - Алматы қалалық комитетінің екінші хатшысы. Партияны тіркеген мезгілден бастап қазіргі уақытқа дейін ҚКХП Орталық комитеті аппаратының жетекшісі. 2007 ж. - ҚКХП Орталық комитеті Бюросының мүшесі. 2004 және 2007 жж. - ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауына ҚКХП атынан депутаттыққа кандидат болып қатысты. 2007 және 2011 жж. ҚКХП республикалық сайлауалды штабы жетекшісінің орынбасары. 2012 жылғы қаңтар айынан бастап - бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі. 255 жыл бұрын (1757-1827) ағылшын жазушысы және суретші Уильям БЛЕЙК дүниеге келді. 132 жыл бұрын (1880-1921) орыс ақыны БЛОК Александр Александрович дүниеге келді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін