Тек республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысы Жалаңашкөл ауданыныда жел 17-22 м/с күшейеді. Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, күтіліп, жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде және таңертең Қостанай, Ақмола, Маңғыстау, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман бақыланады.