28 жасар ең жас вице-министр туралы не білеміз? - kaz.caravan.kz
  • $ 510.81
  • 578.59
+16 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
28 жасар ең жас вице-министр туралы не білеміз?

28 жасар ең жас вице-министр туралы не білеміз?

Үкімет Қаулысымен Әбілхайыр Ғалымұлы Тамабек ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметіне тағайындалды.

  • 26 Сәуiр 2022
  • 700
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды.

Әбілхайыр Тамабек Жамбыл облысында дүниеге келген. Халықаралық бизнес университетін, Луис ұлттық университетін және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген. Президенттік Жастар кадрлық резервінің мүшесі.

Еңбек жолын 2011 жылы жеке компанияда инспектор болып бастаған. 2015-2020 жылдары Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінде, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді. 2020-2022 жылдары – Жамбыл облысы әкімдігінің Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы – бас мемлекеттік инспекторы. 2022 жылғы ақпан айынан бастап қазірге дейін — Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің Жамбыл облысы бойынша жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы – жерді пайдалану және қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы.

28 жастағы жігіт Фейсбукте белсенді. Атқа мінеді, домбыра тартады. Өзі жариялаған суреттен әйелінің хиджап киетінін байқауға болады. 2015 жылы Статистика комитетінде жұмыс істеген. Ол тұста қазіргі Премьер-министр комитет төрағасы болған.
 

 


ШЕРХАН мен ӘБІШ мәселе көтерген залдан сөз сөйлеу бұйырды Өткен жұма Academy of Public Administration under the President of Kazakhstan өткізілген ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік қызметін кәсібилендіру: саясат, практика және сын-қатерлер» халықаралық конференциясына қатыстым. Анар Жаилғанова, Alikhan Baimen, Altair Akhmet, Кайрат Келимбетовтермен қатар, Шерхан Мұртаза, Әбіш Кекілбаевтар мәселе көтеріп, ел тағдыры шешілген залдан сөз сөйлеп, пікір білдіру бұйырды. Өз сөзімде: ⭕ елімізде сапасыз қабылданып жатқан кейбір заңнамалардың жай-күйі; ⭕ әлеуметтік желідегі мемлекеттік қызметшілердің сынға ұшырауының белең алуы; ⭕ мемлекеттік қызметтегі мемлекеттік тілдің жағдайы; ⭕ Президенттік жастар кадр резервшілерінің жұмыстарын бағалау механизмін енгізу қажеттігі туралы 3-4 мәселені көтеріп, өз ұсынысымды айттым. Конференция барысында Marta Abdykalikova, Алия Дауешова, Садыкова Куралай секілді білім берген ұстаздарымды көріп, риза болып қалдым. Арнайы шақырған Ерлан Абил мырзаға көп рахмет! Конференцияның толық нұсқасын мына сілтеме арқылы көре аласыздар. https://www.facebook.com/1493710944218696/posts/3064801750442933/

Posted by Әбілхайыр Тамабек on Sunday, November 28, 2021