28 желтоқсан күні республиканың барлық аймағында ауа райы тұрақсыз болады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
28 желтоқсан күні республиканың барлық аймағында ауа райы тұрақсыз болады

28 желтоқсан күні республиканың барлық аймағында ауа райы тұрақсыз болады

28 желтоқсан күні Қазақстанның барлық аймақтарында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, қар, бұрқасын, тұман, көктайғақ және жел 23-28 м/с күшеюі күтіледі.

  • 28 Желтоқсан 2015
  • 443
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Қазгидромет хабарлады. Ақмола,  Атырау облыстарында жел 15-22, екпіні 23-28 м/с күшейіп, кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болады. Ақтөбе облысында желдің күшеюі түнде кей жерлерде, күндіз көп бөлігінде 15-20, екпіні 25 м/с, бұрқасын, күндіз кей жерлерде қатты бұрқасын, жекелеген аудандарында көктайғақ күтіледі. Қарағанды облысында жел 15-20,  кей жерлерде 23-28 м/с, кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болып, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді. Қызылорда облысында жел 15-20,  екпіні 25 м/с, кей жерлерде тұман, көктайғақ болады. Жамбыл облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ,  жел 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с болады. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ,  жел 15-20, екпіні 25 м/с болады. Қостанай облысының кей жерлерде бұрқасын, көктайғақ, түнде кей жерлерінде, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Павлодар облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ, жел 18-23 м/с болады. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с бұрқасынмен күшейеді. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерде бұрқасын, тұман, жел 15-20 м/с болады. Маңғыстау облысында кей жерлерінде көктайғақ болып, жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысының Жалаңашкөл маңында жел 20-25 м/с, түнде кей жерлерде тұман, көктайғақ болады.

Соңғы жаңалықтар