Бұл туралы Қазгидромет хабарлайды.
Оңтүстік, оңтүстік-шығыс, батыс және орталық аудандарға жоғарғы атмосфералық қысым өрісі ықпал етеді, сондықтан тек жеке аудандарда өткінші жаңбыр болуы ықтимал. Бұдан басқа, күндіз оңтүстік және оңтүстік-шығыста, орталықтың кей жерлерінде ауа температурасы 22…33 градусқа дейін жоғарылайды.
Республиканың көпшілік облыстарында 1 және 2 мамырда атмосфералық фронттар ауа райын анықтайтын болады, олармен байланысты найзағайлы өткінші жаңбыр, екпінді жел, сондай-ақ ауа температурасының төмендеуі күтілуде.