Жарияланды: 830

29 желтоқсан. АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

29 желтоқсан СЕНБІ

Биологиялық әралуандылықтың халықаралық күні. БҰҰ Бас Ассамблеясы 49-сессиясының (1995) шешімі бойынша биологиялық әралуандылық (Жердің флорасы мен фаунасы, 1993) туралы халықаралық конвенцияның күшіне енген күнінен бастап тойланады. ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР 14 жыл бұрын (1998) Қазақстан Республикасының «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Заңы жарияланды 8 жыл бұрын (2004) Қазақстанның техникалық кремнийдің бірінші килограммы Первомай сирек жерлік зауытының («Ертіс сирек жерлік компаниясы» ЖШС) өнеркәсіп алаңында алынды. 4 жыл бұрын (2008) Қазақстан Республикасының Президенті қоғамдық арақатынасты бақылайтын, өмірдің қиын жағдайында орналасқан адамдарға арнайы әлеуметтік қызметтер көрсететін «Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы» Заңға қол қойды. 4 жыл бұрын (2008) Қазақстанда бірінші ЭЛВ-4 өнеркәсіп жылдамдатқышы және «Ядролық технологиялар паркінің» радиациялық технологиялар кешенінің технологиялық желісі іске қосылды. Бұл - технопарктің инновациялық инфрақұрылымының алғашқы өндіріс объектісі болып табылады. Ядролық технологиялар кешені Қазақстанда ерекше өзінің мағынасы бар және көлемді ұлттық технопаркті құруға мүмкіндік береді, жоғарғытехнологиялар зерттемелерін нарыққа шығару және өнеркәсіп өндірісін енгізілуін қамтамасыз етеді. Технопарктің негізгі ерекшелігі - ядролық-физикалық өндірістің бағдары. Электронның өнеркәсіп жылдамдатқышы технопаркқа бірегейлік береді және оның ерекшелігін көрсетеді. 8 жыл бұрын (2004) Қазақстан Рсепубликасы Парламентінің Астананың сол жақ бетіндегі жаңа ғимаратында Мәжілістің бірінші жалпы отырысының ашылу рәсімі өтті. 7 жыл бұрын (2005) Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлыққа қол қойды. 7 жыл бұрын (2005) Семейде «Шәкәрім» ғылыми-педагогикалық журналы жарық көрді. Ол қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде басылып шығады. Басылымның басты мақсаты - Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығы арқылы ұлттық құндылықтарымызды зерттеу мен жариялау. Басылым 1 мың дана таралыммен жылына 4 рет шығады. 5 жыл бұрын (2007) Қарағандыда полистерол блоктары мен бұйымдарын шығаратын жаңа зауыт ашылды. Жаңа зауыттың өнімі құрылыс индустриясының осы заманғы стандарттарына сәйкес келетін жоғары технологиялық құрылыс материаладарына жатады. 3 жыл бұрын (2009) Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттің және мемлекеттік емес ұйымдардың қатысуымен мемлекеттік органдар мен ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық қамтуды пайдалану үлесін арттыруды қамтамасыз ететін шараларды анықтауға бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қазақстандық қамту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. ЕСІМДЕР 74 жыл бұрын (1938-1992) жазушы, әдебиет сыншысы, драматург, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты СҮЛЕЙМЕНОВ Асқар дүниеге келді. Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Қазақ педагогикалық институтын және аспирантурасын бітірген. «Жұлдыз», «Парасат» журналдарында, «Қазақфильм» киностудиясында, Қазақстан Жазушылар одағында, М.Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театрда қызмет атқарған. Алғашқы сын мақаласы «Жол басы» «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінде жарияланған. Сүлейменовтың «Бесін», «Адасқақ», «Бесатар» прозалық шығармалары, «Арғымақ пен шабандоз», «Кек» драмалық жинағы, «Парасат падишасы», «Болмыспен бетпе-бет» сыни-эстетикалық еңбектері, әдебиет пен өнер турасында жүзден астам мақалалары жарық көрген. Ол жаңа идеяларды генерациялауға, қоғамға, ұлтқа қызмет етуге, идеяшылдықтан азат жаңа әдебиет жасауға ұмтылды, өз идеялы үшін күресті. Сүлейменов шығармаларын шартты түрде үш кезеңге бөліп қарауға болады: сыншылық, прозалық және драматургиялық кезеңдер. Алғашқы кезеңде ол көркем сын жанрына жекелік сипат танытуға ұмытылды, көркем шығарманы көркем мәтін қағидасынан тыс талдады. «Түр туралы бірер сөз» мақаласымен әдеби ортада үлкен айтыс тудырған Сүлейменовтың көркемдік-эстетикалық ұстанымдары негізінен осы кезеңде қалыптасқаны айқындалды. «Өнердің өмірден айырмашылығы - өнер өмірден үйренбейді. Өнердің өз өткені, өз бүгіні, өз логикасы мен динамикасы бар. Өнердің түбіне сорпа бетіндегі майдай қалқыған идея жетеді» деп түсінген суреткер сыншы ретінде көркем шығармаға қояр биік талабын проза мен драматургияда жүзеге асырды. Ойы құнарлы, көркемдік құрылымы айрықша шығармалар туындатты. Прозалық кезеңде Сүлейменов шығармаларында 20-шы ғасыр прозасының қағидалары толығымен дерлік көрініс берді, ол модернист қаламгер саналды. Қазақ әдебиетінде құбылыс ретінде бағаланған «Бесатар» повесі 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс пен Созақ көтерілісін соны көзқараста зерделеді. Суреткердің драмалық кезеңдегі шығармалары жаңа өнер философиясы аясында талдауды талап етеді. Қаламгер көркем аударма саласында С.Ахмадтың «Келіндер көтерілісі», М.Булгаковтың «Жендеттер», Б.Брехттің «Сычуанның мерейі», Э.Хемингуэйдің «Бесінші колонна», Т.Уильямстың «Әйнек айуанхана», тағы басқа пьесаларын қазақ тіліне тәржімалады. Асқар Сүлейменовтың есімі Созақ ауданындағы өзі оқыған мектепке, Сарыағаш қаласындағы бұрынғы Ильич атындағы мектепке берілген. 83 жыл бұрын (1929-2000) ақын ШІЛДЕБАЕВА Күлән дүниеге келді. Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында туған. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын бітірген. Алматы орта мектептерінде, Жамбыл қаласындағы Мәдени-ағарту училищесінде қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ беріп, ұстаздық еткен. Тұңғыш жинағы 1962 жылы жарық көрген. «Тұңғыш кітап», «Арманым», «Қыз көңіл», «Бойжеткендер», «Іңкәрім», «Меруерт гүл», «Можжевельник» жыр жинақтарының авторы. Бірқатар өлеңдері орыс тіліне аударылған. 132 жыл бұрын (1880-1938) тіл білімі маманы, шығыстанушы, КСРО Ғылым академиясының академигі, корреспондент мүшесі САМОЙЛОВИЧ Александр Николаевич дүниеге келді. Петербор университетінің шығыс тілдері факультетін бітірген. 1917-1929 жылдары Петербор университетінің оқытушысы болған. 1929-1933 жылдары - Қоғамдық ғылымдар бөлімшесінің академик-хатшысы. 1934-1937 жылдары - Шығыстану институтының директоры. КСРО ҒА-ның Қазақстан базасы төралқасының төрағасы болып тағайындалып, оның алғашқы институттарын ұйымдастыруға қатысқан. Қырым, Еділ бойы, Кавказ, Орта Азия, Қазақстан және Алтайдағы түркі тілдес халықтардың тілін, әдебиеті мен фольклорын, этнографиясын, көне түркі, орта ғасыр жазба ескерткіштерін де зерттеді. Оның 400-ден астам үлкенді-кішілі ғылыми зерттеулерінде түркітанудың жалпы және жеке мәселелері жан-жақты қамтылған. Түркі тілдерінің фонетикалық белгісін негізге ала отырып топтастырған классификациясы, түркі тілдеріндегі жекелеген сөздер жайындағы тарихи-этимологиялық зерттеулері түркітану әлеміне кеңінен танымал. Түркі халықтары өкілдерінен ұлттық ғылыми кадрлар даярлау ісіне үлкен үлес қосқан. «Варианты сказания о Едигее и Тохтамыше, записанные Н.Хакимовым», «Тюркологический сборник», «Общий взгляд на возникновение и развитие мусульманско-турецких литературных языков в связи с разговорными наречиями» атты шығармалары жарық көрген. 102 жыл бұрын (1910-1988) қоғам қайраткері, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, филология ғылымының кандидаты, аудармашы САҒЫНДЫҚОВ Құрманбек дүниеге келді. Жамбыл облысы Жуалы ауданында туған. Жоғары партия мектебін бітірген. 1933-1936 жылдары - Қазақ кәсіподақ кеңесі бөлімінің жауапты нұсқаушысы, меңгерушісінің орынбасары. 1936-1941 жылдары - Қазақ көркем әдебиет баспасының редакторы, Қазақ бірлескен баспасының бас редакторы. 1941-1944 жылдары - Ош әскери-саяси курстарының тыңдаушысы, Панфилов дивизиясы танкіге қарсы зеңбірек батареясының комиссары, дивизия газеті редакторының орынбасары. 1945-1946 жылдары - Қызыл Армияның Бас саяси басқармасы қазақ тіліндегі басылымының редакторы. 1946-1950 жылдары - Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті жанындағы Партия тарихы институтының аға ғылыми қызметкері. 1950-1953 жылдары - Жоғары партия мектебінің тыңдаушысы. 1953-1957 жылдары - Партия тарихы институты секторының меңгерушісі. 1957-1959 және 1965-1981 жылдары - «Қазақстан коммунисі» журналының бас редакторы. 1959-1962 жылдары - Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы радио хабарларын тарату және телеарна комитетінің төрағасы. 1962-1965 жылдары - «Оңтүстік Қазақстан» аймақтық газетінің бас редакторы. 1981 жылдан бастап зейнет демалысына шыққан. Қызыл Жұлдыз, 2-дәрежелі Отан соғысы, Еңбек Қызыл Ту, Халықтар достығы ордендерімен, медальдармен және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған. 85 жыл бұрын (1927) ҚарМТУ РМПИ кафедрасының профессоры, техника ғылымдарының докторы, ҚР құрметті кеншісі, Қарағанды, Шахтинск, Сарань қалаларының құрметті азаматы, екі мәрте КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты ДРИЖД Николай Александрович дүниеге келді. Саратов қаласында туған. 1944 жылы № 19 шахтада тау-кен шебері, учаске бастығының көмекшісі болып жұмыс істей отырып тау-кен техникумына оқуға түсті. 1948 жылы тау-кен шебері, учаске бастығының көмекшісі, Донецк облысы Енакиево қаласының «Орджоникидзеуголь» тресінің «Юнком» шахтасы учаскесінің бастығы болып жұмыс істей отырып Днепропетров тау-кен институтына түсті және оны 1953 жылы үздік бағамен аяқтады. Институтты бітіргеннен кейін 1953 жылы «ВостСибуголь» комбинатына жұмысқа жіберілді, «Черемховуголь» комбинатына жіберілді, Киров атындағы шахтаның учаске бастығы, бас инженердің орынбасары болып жұмыс істеді. 1953 жылы «Карагандауголь» комбинатына № 37 шахтаның учаске бастығы болып жіберілді, 1955-1963 жылдар кезеңінде № 101 «Соқыр» шахтасының бас инженері, «Сараньуголь» тресінің № 120 шахтасының бастығы, «Сараньуголь» тресінің басқарушысы болып жұмыс істеді.1963 жылдан 1976 жылға дейін № 3 Ленин атындағы шахтаның директоры болып жұмыс істеді. 1976 жылдан 1989 жылға дейін «Карагандауголь» өндірістік бірлестігінің бас директоры болды. 1989 жылдан осы уақытқа дейін ҚарМТУ РМПИ кафедрасының профессоры болып жұмыс істейді. 1989 жылы докторлық диссертация қорғады, 55 авторлық куәлігі, 120 баспа жұмыстары бар. Ленин, Еңбек Қызыл ту орденімен екі рет, Құрмет белгісімен, 10 медальмен марапатталды, «Кеншілер даңқы» белгісінің толық кавалері. 70 жыл бұрын (1942) Еуразия гуманитарлық институтының ректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Қазақ білім академиясының аадемигі ҚҰСАЙЫНОВ Амангелді Құсайынұлы дүниеге келді. Еңбек жолын 1960 жылы орта мектеп мұғалімі болып бастады. С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітіргеннен кейін Алматы медицина институтында оқытушы, Қазақстан КП Алматы қаласы Совет аудандық комитетінің аппаратында (1963-1973 гг.); Қазақ мемлекеттік университетінің аспиранты, ассистенті, аға оқытушысы, доцент, проректор, аға ғылыми қызметкер, профессор болып қызмет атқарды (1973-1992 гг.); 1992-1996 жылдары С.Сейфуллин атындағы Ақмола университетінің ректоры; 1996-2000 жылдары - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры; 2000-2004 жылдары ҚР Жоғарғы аттестациялық комиссиясының төрағасы. 2004-2007 жылдары - Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясының президенті. Қазіргі қызметінде - 2007 жылдан бері. 64 жыл бұрын (1948) «Республикалық инновациялық қор» АҚ президенті, Қазақстан инвесторлар қауымдастығы кеңесіің төрағасы ЖАБАҒИН Асығат Әсиұлы дүниеге келді. Павлодар қаласында туған. 1971 жылы В.И. Ленин атындағы Қазак политехникалык институтын бітірген, инженер-жылу энергетигі. Институтты тамамдағаннан кейін 1973 жылға дейін Ермак гидроэлектрлік станциясында энергетикалық блок машинисі болып жұмыс істейді. 1973 жыл-дан 1977 жылға дейін Лениндік Коммунистік Жастар Одағы Ермак қалалық комитетінің бірінші хатшысы, 1977 жылдан 1978 жылға дейін Ермак қалалық партия комитеті бөлімінің меңгерушісі. 1978-1981 жылдары Павлодар облыстық партия комитеті бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 1981-1987 жылдары «Павлодарэнерго» Республикалық Энергетикалық Бірлестігі басшысының орынбасары.1987-1988 жылдары «Алтайэнерго» өндірістік бірлестігінің бас директоры. 1988 жылдан бастап Солтүстік Қазакстан облыстық партия комитетінің хатшысы болып жұмыс істейді. 1991-1992 жылдары Қазакстан Республикасы Энергетика жэне электрлендіру министрлігінің материалдық-техникалық жабдықтауды ұйымдастыру басқармасының бастығы.1992 жылдың ақпанынан 1993 жылдың қаңтарына дейін Павлодар облыстық әкімшілігінің басшысы. 1994 жылдың қыркүйегіне дейін Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары. 1994 жылдың кыркұйегінен 1997 жылдың қазанына дейін «Ансат» акционерлік коғамы директорлар кеңесінің төрағасы. 1998 жылдың сэуір айына дейін Қазакстан Республикасы энергетика, индустрия және сауда министрі, 1998 жылдың сәуір айынан 1999 жылға дейін Қазакстан Республикасы Премьер-министрінің кеңесшісі. 1999 жылдың тамыз айынан бастап Қазақстан Мұнай одағының президенті, 2000 жылдың қаңтарынан бері «Республикалық инновациялык қор» жабык акционерлік коғамының президенті. «КЕООС» ашық акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің төрағасы, «Казахойл» жабық акционерлік коғамы директорлар кеңесінің мүшесі. «Құрмет» орденімен, екі медальмен марапатталаған. 37 жыл бұрын (1975) Балқаш қаласының әкімі ӘУБӘКІРОВ Нұрлан Ерікбайұлы дүниеге келді. Қарағанды қаласында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік университетінің (1997), Д.А. Қонаев атындағы гуманитарлық университетін бітірген (2000).Еңбек қызметін 1997 ж. Қарағанды бюджеттік банкінің аға ревизорынан бастаған, кейін ревизиялық бөлімнің аға қазынашысы, Қарағанды облыстық Қазыналық басқармасының жетекші қазынашысы. 2000-2002 жж. - Қарағанды қ. кәсіпкерліктің дамуы және экономикасы басты басқармасының шағын және орташа бизнесті қолдау бөлімінің басты маманы. 2002-2005 жж.- Қарағанды облысындағы кәсіпкерліктің дамуы және экономикасы басты басқармасының бюджеттік қаржыларды тіркеу, бақылау және жоспарлау бөлімінің бастығы-бас бухгалтер. 2005 ж.- Қарағанды облысындағы кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің ұйымдастыру және кадрлық жұмыс бөлімінің бастығы-бас бухгалтер. 2005-2006 жж. - Қарағанды қ. Қазыбек би атындағы аудан әкімі аппаратының жетекшісі.2006ж - «Қарағанды қаласның тұрғын үй-коммуналды шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобильдік жолдар бөлімі» ММ бастығы. 2006 ж.- Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан әкімі аппаратының жетекшісі. 2006-2007 жж. -«Қарағанды қаласының тұрғын үй- коммуналды шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобильдік жолдар бөлімі» ММ бастығы. 2007-2009 жж. - Қарағанды облыс әкім аппараты жетекшісінің орынбасары. 2009-2010 жж. - Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан әкімі.2010 ж. - Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары.2011 ж. - Қарағанды қаласының Октябрь ауданының әкімі. Қазіргі қызметінде - 2012 жылғы мамыр айынан бері. 204 жыл бұрын (1808-1875) АҚШ-тың 17-ші президенті ДЖОНСОН Эндрю дүниеге келді. 92 жыл бұрын (1920-2011) фиджи саясаткері, 2000-2009 жылдардағы Хосефа ИЛОЙЛО (Рату Хосефа Илойловату Улуивуда) дүниеге келді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін