Аталған сынға Қазақстан командасы да қатысады, деп жазады Caravan.kz медиа порталы Olympic.kz-ке есілтеме жасап.
Құрлық додасында 16 команда бақ сынайды. Қазақстан құрамасы алғашқы ойынын жарыс қожайыны Бахрейнге қарсы өткізеді.
Бұдан бөлек D тобында тағы БАӘ мен Гонконг бар.
Чемпионат нәтижесінде 2025 жылы қыста Хорватия, Дания мен Норвегияда өтетін 4 құрама әлем чемпионатына жолдама алады.
Айта кетелік, Қазақстан командасы араға 29 жыл салып, құрлық бәсекесінде бақ сынайды. Соңғы рет гандболдан ерлер командасы 1994 жылғы Азия біріншілігіне қатысып, 8-орын иеленген.