2-маусымда Байқоңыр ғарыш айлағына 48 жыл толады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2-маусымда Байқоңыр ғарыш айлағына 48 жыл толады

2-маусымда Байқоңыр ғарыш айлағына 48 жыл толады

2003-жылдың 2-маусымында Байқоңыр қаласы мен ғарыш айлағына 48 жыл толғалы отыр. Биылғы мерекелік шаралар 1-маусым-жексенбіде атап өтіледі деп күтілуде. Байқоңыр қалалық әкімшілігінің баспасөз қызметінен KZ-today тілшісіне хабарлағанындай, мерекелік шаралар қаланың орталық алаңында гарнизон жауынгерлерінің салатанатты шеруімен басталады. Ардагерлерге сый-сияпат, ілтипат көрсету шарасы да осы алаңда өтпек. Ал Королев даңғылында ғарыштық зымырандарды басқару жүйесінің жобасын жасаушы , екі мәрте социалистік еңбек ері, академик В.Кузнецовтың құрметіне арналған ескерткіштің ашылу салтанаты өтеді. Сондай-ақ мерекелік шаралар бағдарламасында Қызылорданың өнер ұжымдары мен әскери үрмелі аспаптар оркестрінің концерті межеленген. Мерекелік шаралар "Жұлдыздарға сапар қаласы" деген тақырыппен ұйымдастырылатын қала тұрғындарының думанды той-қыдырысымен аяқталады.

  • 30 Мамыр 2003
  • 1839
Фото - Caravan.kz

№5 ғылыми-зерттеу сынақ полигонын құру туралы КСРО Министрлер кеңесінің қаулысы 1955-жылы шыққан болатын. Кейіннен бұл полигон Байқоңыр ғарыш айлағы деген атауға ие болды. Өткен 48 жылда Байқоңыр дүниежүзіндегі ең ірі ғарыш айлақтарының біріне айналды. Қазір ғарыш айлағының жер көлемі 7 мың шаршы шақырымды құрайды. Ғарыш айлағының жердегі инфрақұрылымына 9 ұшу кешені, ғарыш аппараттары, зымыран тасығыштар мен ғарыш кемелеріне от алдыру блоктарын құрастыруға және сынауға арналған 11 монтаждық-сынақ корпусы, ғарыш аппараттары мен блоктарын жанармай және көгілдір отынмен қамтамасыз етуге арналған 3 жанармай станциясы, 2 аэродромы және өлшеу кешені бар.

1994-жылдың 28-наурызында Қазақстан мен Ресей арасында қол қойылған «Байқоңыр ғарыш айлағын пайдаланудың басты принциптері мен шарттары туралы » Келісімге сәйкес ғарыш айлағы Ресейге жалға берілді. Қазір Ресей ұшыратын ғарыш аппараттарының 70 проценті Байқоңырдан аспан кеңістігіне жол тартады. Пилотты зымырандарды ұшыру және жер орбитасына геостанциялық ғарыш аппараттарын шығару жұмыстары толықтай Байқоңырда жүзеге асырылады. Ғарыш айлағының ірге- тасы қаланғаннан бері одан 1200-ден астам ғарыш кемесі сапар шегіпті.

Соңғы жаңалықтар