3 акционерлік қоғам өткен жылды 40 млрд. теңгеге жуық шығынмен аяқтаған - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
3 акционерлік қоғам өткен жылды 40 млрд. теңгеге жуық шығынмен аяқтаған

3 акционерлік қоғам өткен жылды 40 млрд. теңгеге жуық шығынмен аяқтаған

43 акционерлік қоғам өткен жылды 40 млрд. теңгеге жуық шығынмен аяқтаған. Бүгін ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында, Парламенттің төртінші сессиясының жабылуы барысында сөз сөйлеген Мәжіліс Төрағасы Орал Мұхамеджанов осылай мәлім етті.

  • 30 Маусым 2011
  • 441
Фото - Caravan.kz

Төрағаның пайымдауынша, Үкімет тарапынан тиісті органдар бюджетті жоспарлау мен атқару жөнінде біршама жұмыс атқарғанымен, бұл саладағы қызметтері әлі де жеткіліксіз. «Мәселен, өткен жылы республикалық бюджеттің екі рет нақтыланғанына қарамастан, 37 млрд. 500 млн. теңге игерілмей қалды. 41 бюджеттік бағдарлама әкімшісінің 26-сы бюджеттің орындалуын қамтамасыз ете алмаған. Оның үстіне бюджет қаражатының игерілмеуі негізінен субъективті факторларға байланысты болғаны анықталды», — деді О. Мұхамеджанов. Оның айтуынша, былтырғы жылы қаржылық тәртіп бұзушылықтың саны да өскен. Мәселен, ішкі бақылау органдарының ақпары бойынша бұл сома 2009 жылы 14 млрд. 600 млн. теңге болса, 2010 жылы шамамен 90 млрд. теңгеге жеткен.

«Мемлекеттік мүлікті тиімсіз әрі салғырт-салақ басқару салдарынан 43 акционерлік қоғам өткен жылды 40 млрд. теңгеге жуық шығынмен аяқтаған. Квазимемелкеттік соктордың жарғылық қорын толықтыруға 284 млрд. 700 млн. теңге бөлінгеннің өзінде осындай жағдай орын алып отыр», — деді О. Мұхамеджанов.

Соңғы жаңалықтар