«3 баласына алимент төлемейді»: Омар Жәлелдің екінші әйелі шындықты жайып салды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«3 баласына алимент төлемейді»: Омар Жәлелдің екінші әйелі шындықты жайып салды

«3 баласына алимент төлемейді»: Омар Жәлелдің екінші әйелі шындықты жайып салды

Омар Жәлелдің 5 жыл отасқан жары экс-күйеуінің алимент төлемейтінін айтты.

  • 4 Қыркүйек 2023
  • 196
Фото - Caravan.kz

Абайтанушы Омар Жәлелдің екінші әйелі Ләззат Мырзаш онымен не үшін ажырасқанын әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы  Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

«Бес жыл отасып, үш баланың ата-анасы атандық. Бастапқыда Түркияда оқып жатқан жеріме арнайы келіп сырға-сақина тағып, кіші жарым боласың ба деп ұсыныс жасаған болатын. Берген уәдесінде тұрмай, орта жолдан балаларыммен тастап кетті. 5-8 айға балаларыммен жалғыз қалдырып кете беретін. Балаларыма алимент төлемейді. Бірақ берген сұхбаттарында «балаларыма көмектесіп» тұрамын дегеніне ашу-ызам келеді. Оған ақшасы бар, жайлы әйел кездескен соң біздің отбасыны тастап кетті», — дейді ол.

Ләззат Мырзаш атағандай, Омар Жәлелдің алғашқы әйелі екеуінің үйленуіне рұқсат берген. Осылайша, олар Түркияда некелерін қиған.


Ол Маңғыстауда дәріс өткізгелі жатқан Омар Жәлелдің курсын да сынады.

«Мына азғын ілімді маңғаз Маңғыстауға жайылып, ұрпағыңның алдында масқара болмақшысың ба? Бұлардың адасушы ілімі киелі де қасиетті жерде тарауға тиесілі емес. Омар, саған ескертеміз, Адайда күйеу сабау деген дәстүр бар. Адай еш уақытта қызын, қарындасын қорлатып жылатып қоймаған», — деп жазды ол.