3 млрд теңге қолды болған: Қостанайда субсидияға қатысты заңсыз схема ұйымдастырғандар сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 475.31
  • 555.54
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
3 млрд теңге қолды болған: Қостанайда субсидияға қатысты заңсыз схема ұйымдастырғандар сотталды

3 млрд теңге қолды болған: Қостанайда субсидияға қатысты заңсыз схема ұйымдастырғандар сотталды

Қостанай қаласында мемлекеттік субсидияны жымқыру және қылмыстық жолмен келген кірісті заңдастыру дерегі бойынша сот үкімі шықты.

  • 9 Сәуiр
  • 2
Фото: Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Massaget.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Тергеуді Қаржылық мониторинг агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті жүргізді. Beef Export Group ЖШС басшысы А.Г. Пархоменко жетекшілік еткен қылмыстық топ Ауыл шаруашылығы басқармасының лауазымды тұлғаларының қатысуымен, сондай-ақ, аудандық деңгейдегі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер және ветеринария мамандарымен келісу арқылы субсидияны заңсыз алу схемасын ұйымдастырған.

Қаскөйлер ірі қара малды сатып алу және оны қайта өңдеу туралы құжаттарды жалған жолмен рәсімдеу арқылы агроөнеркәсіп кешенін дамытуға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында жүйелі түрде субсидия алып отырған. Түскен қаражат мал ақысына төленгендей етіп көрсетіліп, ақпараттық жүйелерге енгізілгеннен кейін қолма-қол ақшаға айналдырылып, кейін жалған өнім үшін төлем ретінде бақылаудағы ұйымдардың шотына қайта аударылған. Мемлекетке 3 млрд теңгеден аса залал келген.

Сот үкімі

Тергеу барысында күдіктілер 107 млн теңгеден аса қаражатты ерікті түрде өтеген. Сот үкімімен ұйымдастырушы А.Г. Пархоменко 14 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қылмыстық топтың 14 қатысушысына 6 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сонымен қатар, жалпы құны 3 млрд теңге болатын мүлік, соның ішінде 1,3 млн АҚШ доллары және 700 млн теңге тәркіленді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.