3 облыстың халқы көктайғақтың азабын тартып отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
3 облыстың халқы көктайғақтың азабын тартып отыр

3 облыстың халқы көктайғақтың азабын тартып отыр

Теріскейліктер көктайғақтың азабын тартып отыр. Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Қостанай облыстарында жауған жаңбыр түнгі аязда қатып, үш бірдей өңірдің жолдарын көктайғаққа айналдырды. Осыған байланысты бұл аймақтардан шығатын барлық жолдар жабылып, кей жерлерде мектептегі сабақ тоқтатылды.    

  • 5 Желтоқсан 2015
  • 151
Фото - Caravan.kz

Омбыдан Астанаға қатынайтын мына автобус түнгі сағат үштен бері  Петропавлдан шығар жолда қаңтарылып тұр. Көктайғаққа байланысты Төтенше жағдай департаменті жолдардың бәрін кеше жапқан еді.

Олжас Қабдолов, жолаушы:

Тұрмыз .көктайғақ. Қайтеміз, шыдаймыз.  

Көкшетауда да кешке жауған жаңбыр шаһарды алып мұз айдынына айналдырды. Әсіресе, көк тайғақта тәлтіректеген қарттар мен мүгедектерге қиын. Бір қызығы коммуналдық қызмет өкілдері ала жаздай дайындаған құмдарын алдымен әкімдіктің алдына сеуіп жанталасуда.    

Мұратбек Мусин, Көкшетау қаласының тұрғыны:

-Құлап, сүрініп келе жатырмыз. Базардан 1 сағат келе жатырмын. Жүре алмайсың міне, коньки кию керек.

Қостанайда бір түнде бір айлық ақ ұлпа түсті. Көлік қозғалысы қиындап, орталық көшелерде ұзын-сонар кептеліс пайда болды. Балалардың қауіпсіздігі үшін алтыншы сыныпқа дейін сабақ тоқтатылыпты. 

Ерлан Теменов, Қостанай қаласы әкімінің орынбасары: 

-Коммуналдық мекемелер барлығы күш салып жұмыс жасап жатыр. 18-0 ге дейін жұмыскерлерді  сол жұмысқа жұмылдырдық. 67 техника арнайы  жасалған техникалар жұмыс жасап жатыр.

Желтоқсанда жауған жаңбыр солтүстік өңірлер үшін таңсық құбылыс.  Синоптиктердің айтуынша, ауа райының бұлайша құбылуына оңтүстіктен келген жылы циклон себеп. Бұл жылы ауа ағыны өңірлерде әлі үш күндей тұрады екен.  

Соңғы жаңалықтар