Жарияланды: 670

30 қазан. АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

30 қазан. СЕЙСЕНБІ

Ресей Федерациясында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні атап өтіледі. ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР 20 жыл бұрын (1992) Қазақстанда Түркияның мәдени күндері өтті. 9 жыл бұрын (1999) Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Қарғалы ауылындағы орта мектепке және бір көшеге жазушы Ғабиден Мұстафиннің есімі берілді. 13 жыл бұрын (1999) Алматыда орыс ақыны А.Пушкинге ескерткіш орнатылды. 6 жыл бұрын (2006) «Атлас ключевых видов: высшие растения и позвоночные животные» атласы ПРООН демеушілігімен «Маңызды су-батпақты жерлерді бір жерден екінші жерге көшіп қонатын құстардың жайлану орны ретінде кешенді сақтау» Ғаламдық экологиялық қорының жобасы аясында басылып шықты. Атласқа Қызыл кітапқа енгізілген өте сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар жануарлар түрлері енгізілген: балықтардың - 9 түрі, құстардың - 54 түрі, аңдардың - 18 түрі. 6 жыл бұрын (2006) Астанада «Digital Kazakhstan» («Цифровой Казахстан») журналының бірінші саны жарық көрді. Оқырмандар назарына Қазақстандағы және әлемдегі ақпараттық-коммуникациялық байланыс пен технологиялар даму барысы туралы жаңалықтар ұсынылған. 5 жыл бұрын (2007) ҚР Парламенті Мәжілісінде Еуропарламент депутаты, Еуропарламентте «Еуропалық Халық партиясы және Еуропалық демократтар» атты ірі саяси фракция төрағасының орынбасары Струан Стивенсонның «Вечная скорбь» кітабының орыс тіліндегі аудармасының таныстырылымы өтті. Аталған кітапты автор Семей ядролық полигонындағы сынақтар салдарының құрбандарына арнаған. Әйгілі ағылшын жазушысы Роберт Стивенсонның немересі Струан Стивенсон мен Голливуд киножұлдызы Кимберли Джозеф полигоннан зардап шеккен қазақстандықтардың тағдырынан хабардар бола отырып, 1999 жылы Семей өңірінде болып қайтқан. Содан бері Қазақстанға 8 мәрте ізгілікті сапармен келген депутат сол уақыттар аралығында апатты аймақ туралы бірегей материалдар жинастырып, соның нәтижесінде аталған кітап дүниеге келген. Кітап бұдан бұрын Ұлыбритания, Бельгия, Шотландия, Еуропа Парламенті, АҚШ Конгресі секілді елдердің жоғарғы заң шығарушы палаталарында және Қазақстанның Астана мен Алматы және Семей қалаларында таныстырылып, онда Семей аймағынан түсірілген жан түршігерлік фотокөрмелер де ұйымдастырылған. 5 жыл бұрын (2007) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінде қазақстандық әскерилерге арналған әскери киімнің жаңа үлгісінің таныстырылымы өтті. Әскери киімнің жазғы, қысқы үлгілері жоғары сапалы «рип стоп» матасынан тігілген. «Бұл мата су өткізбейді, қыртыстанбайды, өңін сақтап тұрады. Оның құрамына 8 миллиметрлік тор түрінде полиэстер жібі әдіптелген, сол арқылы ол жыртылудан сақтайды. Жазғы киімнің матасы дененің дем ала алатындай етіп тігілген. Етіктер түркиялық технологиялар арқылы өңделеді. Оның сапасына 24 ай кепілдік берілген. Біз бұрын киімнің сапасыздығы үшін, сарбаздарға алты ай сайын етік беріп тұрсақ, қазір осы киім үлгілері енгеннен соң бір жылға бір етік қана береміз, деп ойлап отырмыз. Соның негізінде, жаңа киім 20-30 пайызға қымбатырақ болса да, Қорғаныс министрлігінің әскери киімге, киім жабдықтарына жұмсайтын қаржысы үнемделетін болады. ЕСІМДЕР 78 жыл бұрын (1934) суретші, монументалист, КСРО Суретшілер одағының мүшесі ЖАҚЫБАЛИЕВ Марат Ғазизоллаұлы дүниеге келді. Батыс Қазақстан облысының Казталовка кентінде туған. В.Мухина атындағы Ленинградтағы жоғары көркемөнер өнеркәсіп училищесін (қазіргі А.Штиглиц атындағы Санкт-Петербор мемлекеттік көркемөнер өнеркәсіп академиясы) бітірген. 1979-1980 жылдары Гурев қаласындағы «Нефтяник» Мәдениет үйінің фойесіне, Орал қаласындағы Теміржолшылар мәдениет үйінің фойесіне көркемдік-безендіру жұмыстарын жүргізген. 1981-1983 жылдары Семей қаласындағы тұрғын үй ғимаратының, Семей облысы Шар станциясындағы теміржол вокзалының ғимаратының, Көкшетау облысы (қазіргі Ақмола облысы) «Нефтяник» демалыс орны ғимаратының бүйіржақтарына өрнектеу жұмыстарын жасаған. 73 жыл бұрын (1939) ғалым, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері ЫДЫРЫСОВ Әлім Акрамұлы дүниеге келді. Қызылорда қаласында туған. Алматы медициналық институтын (Қазақ ұлттық медицина университеті) бітірген. 1966-1969 жылдары - Алматы медициналық институты оперативтік хирургия және топографиялық анатомия кафедрасының ассистенті. 1969-1980 жылдары - Ақтөбе медицина институтының доценті. 1984 жылдан Қазақ ұлттық медицина университетінің кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарған. Ғылыми еңбектерінің негізгі бағыты хирургиялық анатомия және эскперименттік хирургия мәселелеріне арналған. 160-тан астам ғылыми еңбектің авторы. 3 ғылым докторы мен 6 ғылым кандидатын даярлаған. 73 жыл бұрын (1939) актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі ОМАРХАНОВА Рымкеш дүниеге келді. Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Сарытау ауылында туған. Қарағанды қаласындағы музыкалық училищесін бітірген. 1962-1963 жылдары - Қарқаралы аудандық мәдениет бөлімінің автоклуб меңгерушісі, 1963-1990 жылдары - Қарағанды облыстық драма театрының, 1991 жылдан Астана қалалық музыкалық-драма театрының актрисасы қызметтерін атқарған. Сахнада Еңлік, Шолпан, Ақбала, Текті, Мөржан, Сәруар (М.Әуезов «Еңлік - Кебек», «Айман - Шолпан», «Қарагөз», «Түнгі сарын»), Баян, Күнікей, Мақпал, Дәмелі (Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш - Баян сұлу», «Ақан сері - Ақтоқты»), Қарлығаш (М.Әуезов пен Л.Соболев «Абай»), Бәтес, Қалиса (С.Мұқанов «Мөлдір махаббат»), Майра (Ә.Тәжібаев «Майра»), Хадиша (С.Жүнісов «Қысылғаннан қыз болдығын»), Салиха, Зейнеп (Д.Исабеков «Мұрагерлері», «Ескі үйдегі екі кездесу»), Таңқабике (М.Кәрім «Ай тұтылған түн»), Катерина (А.Н.Островский «Найзағай») рөлдерін сомдаған. Гастрольдік сапармен Қарақалпақстан мен Башқұртстанда өнер көрсеткен. «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған. 72 жыл бұрын (1940) Көкшетау экономика және менеджмент институтының ғылыми-зерттеу жұмысы жөніндегі проректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының әлеуметтік ғылымдар Академиясының және Халықаралық Академиясының академигі НҰРМАҒАНБЕТОВ Қуанышбай Рақышұлы дүниеге келді. Көкшетау қаласында туған. Ақмола ауылшаруашылық институтын (қазіргі С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті) бітірген. 1966-1979 жылдары - машина және тракторларды жөндеу жөніндегі мемлекеттік ғылыми-зерттеу институтының Целина бөлімшесінің бас инженері, №2557 Көкшетау автоколоннасы автоотрядының бастығы. 1979-2003 жылдары - Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде аға оқытушы, және машина жөндеу және конструктивтік материалдар технологиясы, экономика және ауылшаруашылықты ұйымдастыру, экономикалық теория және кәсіпкерлік кафедраларының меңгерушісі қызметтерін атқарған. Қазіргі қызметінде - 2003 жылдан бастап. «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі» және «Қазақстан Республикасы ғылымының дамуына қосқан еңбегі үшін» төс белгілерімен марапатталған. 61 жыл бұрын (1951) «Қазкоммерцбанк» АҚ директорлар кеңесі төрағасының орынбасары, экономика ғылымының кандидаты, профессор АХАНОВ Серік Ахметжанұлы дүниеге келді. Петропавл қаласында туған. Алматы ауыл шаруашылығы институтын және Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің аспирантурасын бітірген. 1975-1977 жылдары - Петропавл индустралдық институтының оқытушысы. 1981-1987 жылдары - Алматы халық шаруашылығы институтының доценті. 1987-1990 жылдары - Қазақстан Компартиясы ОК идеология бөлімінің лекторы. 1990-1991 жылдары - Қазақ КСР Мемлекеттік комиссия кеңесінің экономикалық кеңесшісі, бөлім меңгерушісі 1991-1993 жылдары - ҚР Президенті жанындағы Жоғарғы экономикалық кеңесінің Экономикалық кеңесшілер одағы жетекшісінің орынбасары. 1993-1994 жылдары - Экономика министрінің бірінші орынбасары, Шетел инвестициясы ұлттық агентінің төрағасы. 1994-1997 жылдары - ҚР Мемлекеттік экспорт-импорт банкі басқармасы төрағасының бірінші орынбасары. 1997-1999 жылдары - ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары, ҚР Қаржы вице-министрі, ҚР Экономикалық жоспарлау агенттігі төрағасының орынбасары. 1999-2001 жылдары - ҚР Экономика министрінің бірінші орынбасары, «Эксимбанк-Қазақстан» ЖАҚ басқармасы төрағасының бірінші орынбасары. 2001-2004 жылдары - «Қазкоммерцбанк» ААҚ басқармасы төрағасының кеңесшісі. 2004 жылдан - Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының төрағасы. Қазіргі қызметінде - 2011 жылғы қыркүйектен бері. 40-тан астам ғылыми жарияланымның авторы. «Құрмет» орденіңмен марапатталған. 57 жыл бұрын (1955) Ақмола облысынан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Әеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі . ЕРҒАЛИЕВ Жабал Ерғалиұлы дүниеге келді. Көкшетау облысында туған. С. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Журналист. Қалалық «Көкшетау» газетінің, Ақмола облыстық «Арқа ажары» газетінің бас редакторы болып қызмет атқарған. Төрт медальмен марапатталған. «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы бар. 48 жыл бұрын (1964) «Қазақстан даму банкінің» президенті ЖАҚАНОВ Жанат Шәмішұлы дүниеге келді. Мәскеу энергетика институтын және Бүкіләлемдік Банктің Экономикалық даму институтын (Вашингтон, АҚШ) бітірген. Мемлекеттік қызметтегі басқару жұмысында, банк секторында және ұлттық компанияларда үлкен тәжірибесі бар. «Қазақстанның даму банкі» құрылғаннан бері жұмыс істеп келеді. Бұған дейін банктің жобалық талдама департаментінің директоры, басқарушы директоры, банктің вице-президенті болды. 2007 жылдан бері - президенттің міндетін атқарушы, 2007 жылғы 3 қыркүйектен бері - «Қазақстанның даму банкі» президенті. 271 жыл бұрын (1741-1807) швейцарлық суретші Ангелика КАУФМАН дүниеге келді. 191 жыл бұрын (1821-1881) ұлы орыс жазушысы ДОСТОЕВСКИЙ Федор Михайлович дүниеге келді. 139 жыл бұрын (1873-1913) 1910 жылғы мексика төңкерісінің жігелендірушісі, Мексиканың 1910-1913 жылдардағы президенті Мадеро Франсиско ИНДАЛЕСИО дүниеге келді. 117 жыл бұрын (1895-1973) американды кардиолог, Нобель сыйлығының лауреаты Дикинсон Вудраф РИЧАРДС дүниеге келді. 104 жыл бұрын (1908-1984) кеңестік саяси және әскери қайраткер, КСРО қорғаныс министрі, Кеңес Одағының Маршалы, Кеңес Одағының Батыры УСТИНОВ Дмитрий Фёдорович дүниеге келді. 75 жыл бұрын (1937) француз кинорежиссері, сценарист, оператор, актер, продюсер Клод ЛЕЛУШ дүниеге келді. 52 жыл бұрын (1960) аргентиналық футболшы, әлемдік футбол жұлдызы Диего МАРАДОНА дүниеге келді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін