Жарияланды: 320

30 томдық терминологиялық сөздікті дайындау барысында соңғы кезде сәнге айналған әсірешілдік қағидаттардан бас тартуға тырысамыз

30 томдық терминологиялық сөздікті дайындау барысында соңғы кезде терминологиялық сәнге айналған әсірешілдік қағидаттардан бас тартуға тырысамыз. Бұл туралы бүгін Ақордада ҚР Президентінің «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі басымдықтарын түсіндіру жөніндегі республикалық кеңесте ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбай айтты.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша терминологиялық жұмыстың талаптары түгелдей қайта қаралуда. Атап айтсақ, биылғы жылдан бастап әзірленіп жатқан 30 томдық терминологиялық сөздікті дайындау барысында соңғы кезде терминологиялық сәнге айналған әсірешілдік қағидаттардан бас тартуға тырысамыз», деді ол. Естеріңізге сала кетейік, Елбасы өз Жолдауында: «Біз қазақ тілін жаңғыртуды жүргізуге тиіспіз. Тілді заманға сай үйлестіріп, терминология мәселесінен консенсус іздеу керек. Сонымен қатар, әбден орныққан халықаралық және шет тілінен енген сөздерді қазақ тіліне аудару мәселесін біржола шешу қажет. Бұл мәселе оқшауланған қайраткерлердің ортасында шешілмеуге тиіс. Үкімет мұны реттегені жөн. Бүкіл әлемде бірдей қабылданған терминдер бар. Олар кез келген тілді байытады. Біз өмірді өзіміз күрделендіре түсеміз, түсінбестікке бой алдырып, ақыл-ойды сапырылыстырамыз, көнерген сөздердің шырмауынан шықпаймыз. Мұндай мысалдар аз емес», деп атап өткен еді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін