30 желтоқсан. АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР
30 желтоқсан ЖЕКСЕНБІ |
КСРО-ның құрылған күні. Осыдан 86 жыл бұрын (1922) Кеңестік социалистік республикалар одағы құрылып, оның құрамына: Беларус, Ресей, Әзірбайжан, Армения, Грузия, Украина, Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстан, Қазақстан, Қырғызстан, Молдавия, Латвия, Литва, және Эстония мемлекеттері кірді.
Мадагаскар Республикасының күні. 1975 жылы желтоқсанның 21-де Референдум Демократиялық Мадагаскар Республикасының Ата Заңын қабылдады.
ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР
17 жыл бұрын (1995) Қарағанды облысының Егіндібұлақ ауылында Қазыбек биге ескерткіш орнатылды.
13 жыл бұрын (1999) Ақмола облысының Атбасар қаласында жазушы Ілияс Есенберлиннің мұражай-үйі ашылып, қаламгер тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды.
14 жыл бұрын (1998) Қазақстан Республикасының «Импорт тауарларынан ішкі нарықты қорғау туралы шаралар» Заңы қабылданды.
13 жыл бұрын (1999) Ақмола облысы Атбасар қаласында жазушы Ілияс Есенберлиннің мұражайы ашылды. Жазушы тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды.
7 жыл бұрын (2005) Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Осы Заңға сәйкес мұсылман күнтізбесі бойынша аталып өтетін Құрбан айтының алғашқы күні және Православиелік Рождество демалыс күндері болып табылады. Сонымен қатар Елбасы «Қазақстан Республикасы мен Австрия Республикасы арасындағы Табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты конвенцияны ратификациялау туралы» және «Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу және Азаматтық кодекстеріне соттылықтың аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңдарға қол қойды.
5 жыл бұрын (2007) Талдықорғандағы Алматы облыстық iшкi iстер департаментiнде тарихи мұражай ашылды.
Мұражайдан Жетiсу өңірінің iшкi iстер органдарын әр жылдарда басқарған адамдар мен ерлiк көрсеткен қызметкерлер жайында мағлұматтар алуға болады. Жәдiгерлер қатарында iшкi iстер саласы қызметкерлерiнiң әр кезеңдерде киген киiмдерi, Азамат және Ұлы Отан соғысы кезiнде пайдаланылған қару-жарақтар бар.
3 жыл бұрын (2009) Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің еңбекші-мигранттары мен олардың отбасы мүшелерінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Елбасы сонымен қатар «Біріккен Ұлттар Ұйымының Жол қозғалысы туралы конвенциясын ратификациялау туралы», «Біріккен Ұлттар Ұйымының Жол белгілері мен сигналдары туралы конвенциясын ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына қол қойды.
3 жыл бұрын (2009) Алматыда «Тәуелсіздік бесігін тербеткен» атты деректі фильмінің тұсаукесері болып өтті.
Деректі фильм Алматы қаласына кешегі кезеңнен бүгінге дейінгі еңбегі сіңген тұлғаларымызға, бүгінде еліміздің ең ірі мегаполисіне айналған шаhардың шам шырағын жаққан қайраткерлердің тұлғалық тұрпаттарына арналған. Деректі фильмде Кенесары ханнан бастап, Алматы қаласының орнында болған Алмалы hәм Тойшыбек бекінісін жаудан қорғаған Тойшыбек, Байсейіт батырлардан бергі уақыттағы Алаш зиялыларының және Дінмұхаммед Қонаев сынды тұлғалардың, сонымен қатар, Алматы қаласын әр жылдары басқарып, із қалдырған азаматтар туралы сыр шертілген.
ЕСІМДЕР
69 жыл бұрын (1943) ақын ХАСЕНОВ Нұркенже Базарбайұлы дүниеге келді.
Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Ақынның алғашқы жыр жинағы 1969 жылы «Жазушы» баспасынан «Сырлы толқын» деген атпен жарық көрді. Сонан кейін «Бір уыс топырақ», «Тығылмақ», «Ай-Таңсық» атты жинақтары шықты. Қаламгер көркем аударма саласында орыс және шет ел ақындарының өлеңдерін қазақ тіліне тәржімалады.
98 жыл бұрын (1914-1996) тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, Қазақ КСР-не еңбек сіңірген мұғалімі, Қазақ қыздар педагогикалық институтының алғашқы ректоры МЫРЗАБЕКОВА Тұрсын дүниеге келді. Алматы қаласында туған. Қазақ педагогикалық институтын (Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университет) бітірген. 1933-1945 жылдары оқытушылық, Шымкент қалалық атқару комитетінде қызмет атқарған. 1945-1959 жылдары - Қазақ қыздар педагогикалық институтының ректоры. 1959-1978 жылдары - Қазақ мемлекеттік университетінің (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) оқытушысы. Қыздар педагогикалық институтында жатақхана мен оқу корпустарын салуды, студенттерді тегін тамақтандыруды, кітапханаларға Мәскеу, Санкт-Петербор қалаларынан кітаптар алдырып, химиялық лаборатория ұйымдастырған. Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған.
73 жыл бұрын (1939) ғалым, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, Құқық және нарық академиясының ректоры СӘБІКЕНОВ Салахиден Нұрсалиұлы дүниеге келді. Атырау облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетін (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) бітірген. 1965-1993 жылдары - Қазақстан Ғылым Академиясы Философия және құқық институтының ғылыми қызметкері, Қарағанды жоғары милиция мектебінің оқытушысы. 1993-1995 жылдары - Алматы жоғары милиция мектебі бастығының орынбасары. 1996-1998 жылдары - Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі. «Право и социальные интересы», «Нормативно-правовые акты», «Концепция правового государства», «Салыстырмалы мемлекеттік құқық» ғылыми еңбектердің авторы. 5 ғылым докторын, 35 ғылым кандидатын дайындаған.
58 жыл бұрын (1954) «Қазақ газеттері» ЖШС бас директоры, ҚР журналистика академиясының академигі КЕНЖАЛИН Жұмабек Омарұлы дүниеге келді.
Қостанай облысының Аманкелді ауданындағы Жданов атындағы колхозда туған. 1971 жылы Торғай облысы Арқалық ауданындағы Қайыңды орта мектебін бітірген соң, әскер қатарында қызмет етті, шаруашылықтарда жұмыс істеді.
1981 жылы Қазақ Мемлекеттік университетін тамамдаған соң, «Социалистік Қазақстан» («Егемен Қазақстан») газетінде тілші, бөлім меңгерушісі, 1986-1988 жж. «Білім және еңбек» («Зерде») журналында жауапты хатшы, бас редактордың міндетін атқарушы болды. 1990 жылдан «Халық кеңесі» газеті бас редакторының орынбасары, бірінші орынбасары, ал 1994 жылдың қаңтарына дейін осы басылымның бас редакторы қызметін атқарды. 1996-1997 жж. «Ақиқат» журналының бас редакторы, 1997-1999 жж. «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы қызметін атқарды.
1999-2006 жж. «Қазақ газеттері» жабық акционерлік қоғамының президенті, «Қазақ газеттері» ЖШС-нің Бас директоры, «Ана тілі» газетінің Бас редакторы, 2006-2009 жж. «Ақиқат» журналының Бас редакторы, 2009 жылдың ақпанынан «Қазақ газеттері» ЖШС-нің Бас директоры - редакторлар кеңесінің төрағасы. Шығармалары республикалық мерзімді басылым беттерінде жарияланып жүр.
Қазақстан Үкіметі жанындағы Мемлекеттік терминологиялық комиссия мүшесі, ХVІІ шақырылған халық депутаттары Алматы қалалық Кеңесінің депутаты болып сайланды. 2004 жылы кандидаттық диссертация қорғап, саяси ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алған.
«Желкілдеп өскен құрақтай», (1988, «Өнер»), «Шындықты шырақ етіп ұстаңыз» (1998, «Қазақстан»), «Ұлт рухын ұлықтаған ұрпақпыз» (2005, «Өлке») деп аталатын деректі әңгімелер мен эсселер кітаптарының авторы.
Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты (1984), Қазақстан Республикасы Президент сыйлығының лауреаты (2006), ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» белгісімен марапатталған (2004). Қазақстан Журналистер Академиясының толық мүшесі - академигі (2001).
42 жыл бұрын (1970) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі ҚҰРМАНҒАЛИЕВА Аида Дәденқызы дүниеге келді.
1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Экономикалық және әлеуметтік жоспарлау» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1993 жылы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінде экономист қызметінен бастады. 1997 - 2002 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің басқарма бастығы, департамент директорының орынбасары болып жұмыс істеді. 2002 жылы Австрияда, Вена қаласындағы Біріккен Вена Институтында (Joint Vienna Institute), 2008 жылы - Дьюк Университетінде (Duke University), Солтүстік Каролина, АҚШ; 2009 жылы - Ли Куан Ю атындағы мемлекеттік саясат мектебінде (Lee Kuan Yew school of Public Policy), Сингапур білім алды. 2002 - 2009 жылдары Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің әлеуметтік саланың шығыстарын жоспарлау және әлеуметтік саланы дамыту департаменттерінің директоры. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 2009 жылғы 25 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды.
Қызметі үшін ҚР Президентінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы Жарлығымен Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен, «Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» «Астананың 10 жылдығы» медальдарымен, ҚР Премьер-Министрінің алғыс хатымен марапатталды. Экономика ғылымдарының кандидаты.
1971 жыл бұрын (41-81) 10-шы Рим императоры Тит Флавий ВЕСПАСИАН дүниеге келді.
339 жыл бұрын (1673-1736) 23-ші Осман сұлтаны АХМЕД III дүниеге келді.
122 жыл бұрын (1890-1973) мемлекет қайраткері, Мексиканың 1952-1958 жылдардағы президенті Адольфо Руис КОРТИНЕС дүниеге келді.
77 жыл бұрын (1935-2009) габон саясаткері, 1967 жылдан ел президенті Омар Бонго ОНДИМБА дүниеге келді.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін