30 жылда келімсектерге миллиардтар шашқанша неге жөні түзу стадиондар салмағанбыз? - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
30 жылда келімсектерге миллиардтар шашқанша неге жөні түзу стадиондар салмағанбыз?

30 жылда келімсектерге миллиардтар шашқанша неге жөні түзу стадиондар салмағанбыз?

Бүгін маңызды күн. Қазақстан ұлттық құрамасы Норвегия командасымен ойын өткізеді.

  • 6 Қыркүйек
  • 8
Фото: ашық дереккөз

Футбол тек қана эмоция алаңы емес. Ол жастардың Рухы көтерілетін – Патриотизм пәнінің далада, алаңда өтетін орны. Бұл спорт Ұлттық сананы қалыптастыратын Идеология аренасы, деп пікір білдірді журналист Оңғар Қабден. Толығырақ Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Соңғы 30 жылда бұрын-соңды болмаған Жеңіс соңғы екі жылда бізге де келді. 2022-23 ші жылдары Ұлттық командамыз УЕФА-ның топтық кезеңінде 1-ші орынға ие болды. Жалпы қазір Қазақстанда Балалар футболының орталықтары лық толы, 1,2 млн бала футбол ойнайды. Бұқаралық футболды дамыту бойынша Еуропада бірінші орын алды.

Еңсесін енді тіктеп келе жатқан ұлттық құрамамызды қайтадан өз қолымызбен өлтіреміз бе? Елімізде стандартқа сай жалғыз «Астана-Арена» ғана бар. Оның өзін көрінген жерге әкеп тығамыз. Әншілердің концертінен бастап, бүкіл шаралар сонда өтеді. «Астана Аренада» Ұлттық командадан басқа «Жеңіс», «Астана» командалары, Жастар мен балалар командалары да жаттығады. Сосын «Астана Аренадағы» футболды тікелей эфирде 13.5 млн көрермен тамашалайды екен.

Біз неге науқаншылдыққа құмармыз? Көшпенділер ойындары сөзсіз еліміздің имиджі үшін керек. Бірақ, Көшпенділер ойындарының ашылуы мен жабылуы Астана-Аренада өтеді. Одан кейін өмір тоқтап қалмайтын шығар? Ұлттық құрама мен «Астананың» қыстағы ойындарын қайда өткіземіз? «Тауларды аласартпай даланы биіктетуге болмай ма? Қашанғы қазақ футболы квартирант болып жүреді? Отыз жыл бойы келімсектерге миллиардтар шашқанша неге жөні түзу стадиондар салмағанбыз?

«Алматылықтар, ертең кешкі 19:00-де Орталық стадионға барып, ұлттық құрамамызға қолдау білдіріңіздер! Холланд бастаған, Эдегор қостаған Норвегия оңай жау емес. Бірақ, Даниядан мықты емес қой. Жігіттер, сенсация жасауға дайынбыз дейді», — деп жазды журналист.