300 африкалық отбасыны тамақтандырған павлодарлық қыз қазақстандықтардың сынына жауап берді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
300 африкалық отбасыны тамақтандырған павлодарлық қыз қазақстандықтардың сынына жауап берді

300 африкалық отбасыны тамақтандырған павлодарлық қыз қазақстандықтардың сынына жауап берді

300 африкалық отбасыны тамақтандырған павлодарлық қыз қазақстандықтардың әлеуметтік желілердегі сынына жауап берді.

  • 31 Мамыр 2018
  • 226
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі хабарлайды. 

29 жастағы Тоқжан Ынтықбаева Tengrinews.kz тілшісіне неліктен Орталық Африка Республикасы тұрғындарына көмектескенін айтып берді.

Павлодарлық қыз құрбысы Гүлмира Нүсіпбековамен бірге үш миллион теңгеге жуық ақша жинаған екен. Олар барлық жиналған ақшаны Африкада аш жүрген отбасыларға аударуды жөн көріп, мұқтаж адамдарға көмектесу үшін жергілікті билік өкілдерімен байланысқа шыққан. Африка билігіндегілер қыздардың жиналған қаражатты өздері әкеліп бере алатындарын айтқан. Жолға кеткен шығынды билік өкілдері өз мойнына алған.

Павлодарлық қыздың бұл әрекеті әлеуметтік желі қолданушылары арасында дау туғызды. Біреулер жерлестерінің қайырымдылықпен айналысып жатқанына қуанып жатса, тағы біреулері Қазақстанда да көмекке мұқтаж адамдардың аз емес екендігін айтып жатыр.

Қазақстандық қыз қазақстандықтар тарапынан айтылып жатқан сынға жауап берді.

"Қазақстанда жергілікті қорлар, әр қалада қайырымдылық клубтары мен еріктілер бағдарламалары бар. Ол топтарға кез келген адам қосыла алады. Біз Гүлмирамен үнемі қайырымдылық қорларына қолдау көрсетіп келіп, онкологиялық дертке шалдыққандар мен жетімдерге де көмектесіміз, Қазақстанда өтіп жатқан қайырымдылық жәрмеңкелеріне де үнемі қатысамыз. Осының барлығы Қазақстаннан бастау алды. Барлық әрекет қоғам үшін жасалу қажет, жаһандық көлемде. Біздің мақсатымыз — істеп жатқанымыздың барлығын кеңірек масштабта жүзеге асыру", — дейді Ынтықбаева.

 
Сондай-ақ, ол бұл жаңалықтың Желіде кездейсоқ тарап кеткенін айтады.
"(…) Өздеріңіз көріп отырғандай, ақпарат аса көп болған жоқ, барлығы біздің парақшадан алынған. Қандай да бір пиар үшін жасалған жоқ. Бұл тек адамның парызы", — дейді павлодарлық қыз.
Гүлмира Нүсіпбекова мен Тоқжан Ынтықбаева.
 
Павлодарлық қыздың айтуынша, ол Африкадағы тұрмысы төмен отбасылар жайлы мектеп кезінде естіген және әрқашан Африка халқына көмектесуді армандаған.
"Африка мен Қазақстанды салыстыруға болмайды деп ойлаймын. Бұл екі түрлі мемлекет. Африка менің 9-сыныптан бері келе жатқан арманым, одан міне 15 жыл өтті. Ал сол елдегі жағдай сол күйі өзгеріссіз қалды. Онда халық лай суды ішеді, жаңбырдың суына жуынады, киімдердің лайда жуады. Азық-түлік олар үшін молшылық. (…) Онда жалақы өте төмен. Орта есеппен күніне 4 доллар. Жергілікті дүкенге кірдік, төрт долларға олар тек 1 литр шырын сатып алады. Көшеде тамақ сұрап жүрген балалар көп. Олардың ата-аналары аштықтан және түрлі аурулардан қайтыс болған. Бұл балалар ешкімге де керек емес. Африкадағы адамдар өмірде салқын және тап-таза су ішіп көрген емес", — дейді Ынтықбаева.


 
 
Павлодарлықтың айтуынша, олар жиналған ақшаға бір тонна ұн, 750 келі күріш пен 750 келі қант, 250 келі тұз, сондай-ақ, томаттар, кофе және макарон алған. 
"Африканың менің өмірімде үлкен із қалдыратыны сөзсіз, осында қайтып келемін деген үмітпен кетемін. Аса ештеңе істемегенімді түсініп тұрмын, бірақ бұл тек бастауы ғана. Мүмкін кішігірім ғана үлес жарқын болашаққа жеткізеді", — деп жазған қазақстандық қыз парақшасындағы суреттерінің біріне.
Айта кетейік, 29 жастағы Тоқжан Ынтықбаева Павлодарда бірнеше жыл ағылшын тілі пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеген, кейінірек отбасымен бірге Астанаға көшіп кеткен. Ол қазіргі уақытта декреттік демалыста. Күйеуімен бірге 2 жасар қызын тәрбиелеп отыр.
 
 
 
 
Соңғы жаңалықтар