"300 млн доллар": Қазақстанда жылына жемқорлықтан жоғалтатын ақша көлемі - kaz.caravan.kz
  • $ 521.81
  • 543.67
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"300 млн доллар": Қазақстанда жылына жемқорлықтан жоғалтатын ақша көлемі

"300 млн доллар": Қазақстанда жылына жемқорлықтан жоғалтатын ақша көлемі

Қазақстанның көрсеткіші былтырдан да нашарлаған.

  • 27 Желтоқсан
  • 9
Фото: gov.kz

Ұлттық банк мәліметінше, мемлекеттік сатып алудғаы алаяқтық пен жемқорлық салдарынан Қазақстан жыл сайын 300 миллион доллар жоғалтады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Дүниежүзілік банктің бағалауы бойынша Қазақстан жыл сайын салықтағы заң бұзушылық салдарынан 1 миллиард доллар шығынға ұшырайды.

Халықаралық Transparency International ұйымының жемқорлық рейтингінде Қазақстан 180 елдің ішінде 93 орында.

Қазақстанның көрсеткіші былтырдан да нашарлаған. Жемқорлықтың еңң сорақы деңгейі 0 балл болса, 100 балл алған елдерде ол мүлде жоқ деген сөз. Қазақстанның көрсеткіші 36 балл. Былтыр 37 балл болған еді.

Ел бюджетінің кірісінен шығысы көп. Үкімет биыл бюджет тапшылығын жабу үшін Ұлттық қордан 2 трлн теңгеге дейін ақша алды.