"300 млн теңге": Қазақ тіліндегі балалар контенті қолдауға ие болды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+2 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"300 млн теңге": Қазақ тіліндегі балалар контенті қолдауға ие болды

"300 млн теңге": Қазақ тіліндегі балалар контенті қолдауға ие болды

Қазақ тілді контент мемлекет тарапынан қолдауға ие болды.

  • 4 Қараша
  • 14
Фото: ЖИ ұсынған

Келесі жылға бюджетте қосымша қаражат бөлініп, бірқатар мәселелер шешілетін болды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Асхат Аймахамбетов жағымды жаңалықпен өзінің Telegram арнасында бөлісті. Оның ішінде қазақ тіліндегі балалар контетін дамытуға және көбейтуге ерекше көңіл бөлінеді.

Балаларға арналған мемлекеттік тілдегі контенттің тапшылығын азайту мақсатында 300 миллион теңгеден астам қаражат қазақша мультфильмдер жасауға бөлінді.

Сонымен қатар, дарынды балаларды қолдау үшін халықаралық олимпиадада ел намысын қорғайтын балаларға дайындық лагерлерін ұйымдастыру, арнайы формамен қамтамасыз ету, жол шығындарын төлеу сияқты бағыттар үшін қосымша қаражат бөлінді.

Оқушылар арасында робототехниканы дамыту мен мектептер мен колледждерде дебат қозғалысын қолдау үшін де арнайы қаражат қарастырылды.

Дарынды жастар үшін «Дебат» пен «21 ғасыр көшбасшысы» атты тележобаларды ұйымдастыруға да арнайы қаражат қаралды.

«Астана Опера» театрының қызметкерлерінің жалақысын көтеру мәселесі де қарастырылды.

Жедел жәрдем бойынша бюджеттен бөлінетін тарифті көтеру бойынша да жұмыс жүргізілді.

«Дарынды балаларды қолдау, мәдениет пен денсаулық сақтау салаларын дамыту бойынша Мемлекет басшысының тапсырмалары бар, сондықтан Үкіметпен бірге осы мәселелер төңірегінде әрі қарай жұмыс жүргіземіз», — деп жазды Асхат Аймағамбетов.

Бұл қадам қазақ тілінде сапалы, тәрбиелік мәні бар контент ұсынуға және балалардың тілге деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді.