Бұл туралы ол instagram желісіндегі парақшасында жазды.
"Кiлең жүгенсiз кеткен ләйлiм шырақтар! Болдыңдар-ау әбден!
"Қалаулым сен" және "Қалауым live" бағдарламалары ҚАЗАҚ жайлы, қазақтың тарихы, қазақтың батырлары мен қыздары туралы айтпай-ақ қойсын! Сосын, дiндi де, дiндегi мысалдарды да әңгiмелерiңе қоспаңдар! Алдыңғы жабылған бағдарламалар да: бiз қоғамдағы барды бар қылып көрсетемiз деп, ақталып едi.
Алдыңғы шудан кейiн өздерi де басылар деп үн қоспай жүр едiк, қайдағы, қайта өршiп барады. Бiреу емес екеу болды қалаулым. Бала-шаға, ата-ана, туған-туыс, қоғам, тiптi шетел көредi десеңдер қазақты мұндай масқара қылып көрсетпес едiңдер! Доғарыңдар!
Әттең, Ақпарат және қоғамдық даму министрлiгiне сөзiмiз өтпей жүр. Рейтингтың артында ақша жатқаны және жабылмас үшiн қалта толтаратыны белгiлi ғой, әрине. Әйтпесе, тамырламай тұрып құртуға болар едi бұларды.
Егер нақты тәрбиелiк мәнi бар деп көрсетер болсаңдар, бағдарламаны тiкелей эфирде емес, алдын ала түсiрiп, қырылыс, төбелес, боқ сөздерi бар жерлердi кесiп тастап та 3 сағат қып эфирге беруге болар едi. Бiрақ, сендерге осы аталғандармен ғана рейтинг, ақша келетiнi сөзсiз және осы ғана мақсат едi керегi.
Қазiр, қалаулымның тұрақты көрермендерi мен жақтастары менi даттайтынын бiлемiн", — деп жазды Нұрболхан Шарапов.
Әзілкештің бұл сөзін қолдаған Сәкен Майғазиев аталмыш бағдарламалардың рейтингін көтеріп жүрген көрермендерге ренішін білдірді.
"Мұндай екі аяқтыларды қыстырмауға тырысып жүрмін. 300 теңге үшін ұлтын сатқандардың рейтингін көтеріп жүрген көрерменге не жоқ деймін де", — деп пікір білдірді әнші.
Естеріңізге сала кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын Caravan.kz медиа порталының тілшісі "Qalayym live" жобасының қатысушыларынан сұхбат алған болатын.