деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметінен.
Жас лейтенанттарды бір айлық демалыстан соң Қарулы күштердің құрамалары мен бөлімдері күтіп тұр.
Түлектерге дипломдарды салтанатты түрде табыс шарасы әскери оқу орнының қабырғасында өтеді. Оқу бітірушілер бұл жерден мотоатқыш, танк, автокөлік, әуе десанты, инженерлік қызмет мамандықтарын (барлығы 13 мамандық) игеріп шығып отыр.
Биыл 300-ден астам түлек оқу орнын бітіргені жөнінде диплом алады. Олардың арасында көршілес Қырғыз Республикасы мен Тәжікстан Республикасының да өкілдері бар.