30-да пәтер ала алмаймын деу бос әңгіме, - Ләйлә Сұлтанқызы - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
30-да пәтер ала алмаймын деу бос әңгіме, - Ләйлә Сұлтанқызы

30-да пәтер ала алмаймын деу бос әңгіме, - Ләйлә Сұлтанқызы

Белгілі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы 27 жасында қалай үй алғанын айтып берді. Ол басынан өткен қиын жағдайларын айтып, 30 жаста пәтер ала алмаймын деу бос әңгіме екенін айтты.

  • 5 Маусым 2019
  • 254
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол instagram парақшасында жазды.

"16 жасымда Алматыға оқуға түсуге келгенде бірінші арманымыз бөлме жалдап тұру болатын. Жатақханадан орын алу кәдімгідей қиын еді. Көп балалы, жағдайы нашар отбасы мен әлеуметтік әлсіз топқа жататындарға бірінші берілетін. Сөйтіп не жатақханадан орын бұйырмады, не пәтер жалдауға ақша жоқ, амал жоқ бөлме жалдадым. 
#ито араққұмар баласы бар қарияның ескі 2 бөлмелі пәтерінің 1 бөлмесін жалдадым. Тараканмен төбелесіп оянасың, туалетіне противогазбен кіресің, холодильникке қойған тамағын жейтін кезде жоқ болады. Обновка деген атымен жоқ, әкеңнің ай сайын жіберетін көмегі 1 қап картоп. Мен семірмей кім семіред, бірақ жылтырағы төгілетін #jado-ның розовый, синий тенін көзге өлтіріп жағуды ұмытпайсың. 2-курста 50 $ (шамамен 7 мың теңге) айлық жалақысы бар полставкаға радиоға жаңалықтар дикторы боп жұмысқа кірдім. Сонымен айлық кіріс 1996-1998 жылдар аралығында 10 мың теңгеге жетті. Ол кезде перестройкадан кейінгі кезең, ала қап арқалап әке-шешем қаңғып ол жүр. Базарда нан, семішке сатады. Тапқан 200 теңгеге бәрімізді асырауға тырысады. Мен 4 бала тудым деп өкіметке шағымданбады. 
Содан 1998 жылдан бастап қосымша той жүргізгенім үшін 100$ алатын болдым, и то айында жылында, соған мәзбін. Бірақ не пәтерге, не көлікке жетпейді. Сол жылдан бастап ТВ-ға сюжеттер жасаймын, радиода dj -мін, айлығым 50 мың теңгеге жетті. Жалдамалы бөлмеден 1 бөлмелі пәтерге ауыстым. 2003 жылға дейін тойым бар, айлығым бар, ақылы сценарий жазатыным бар 5 жылда 7500$ жинап, Хрущевкадан 3 бөлмелі пәтерге бауырым екеуміз қол жеткіздік. Әбден пәтерден пәтер жалдағаннан шаршағағандықтан болар 47 кв метрлік пәтер сарай болып көрінетін. Менен бақытты адам болмайтын. Тіл де үйрендік, 2-3 жерде жұмыс істедік, ұйықтамай түнімен монтажда отыратынбыз. Енді келіп 30-да пәтер ала алмаймын деу бос әңгіме. Айналайындар-ау қазір мүмкіндік көп,шекара ашық, қорқыныш жоқ, тіл білсең, көзін тапсаң 4 жерде жұмыс істеуіңе болады, отырып алып өкіметті кінәлап, елдің басына жуынды құйып коммент жазуға уақыт тапсаң ешуақытта пәтер алмайсың, өзіңе көңілің толмаған күйі өмірің өте береді. Ешкімге ренжіме, әрекет ет", — деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by Ляйла Султанкызы (@sultankyzy) on

 

Соңғы жаңалықтар