Өрт кеше кешке забойда басталған, өрт шыққан кезде онда 91 адам болған. Оның 63-і жер бетіне шығып үлгерген, 28 адам әлі жер астында.
Кәсіпорында құтқару жұмыстары жүргізіліп отыр, өртті сөндіру жобалары қарастырылуда.
Алдын-ала деректерге қарағанда, өрт шахта забойындағы компрессордың тұтануынан болған сыңайлы.