Грузия мемлекет басшысын ресми қабылдау рәсімі 31-наурызда «Ақ ордада» өтеді. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Грузия президенті Михаил Саакашвили бастапқыда бетпе-бет жүздеседі. Артынша келіссөздер кеңейтілген құрамда жалғасады. Келіссөздер қорытындысы бойынша бірқатар екі жақты құжаттарға қол қойылады.
Сол күні М.Саакашвили парламент мәжілісінің төрағасы Орал Мұхамеджановпен кездеседі деп межеленген. «Интерконтиненталь» қонақ үйінде екі елдің іскертоп өкілдерінің қатысуымен бизнес-форум өткізіледі. Грузия президенті Отан қорғаушылар ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің оқытушы-профессорлары құрамымен жүздеседі.
31-наурызда кешкісін Қазақстан президентінің атынан Грузия мемлекет басшысының құрметіне ресми қонақасы беріледі.
1-сәуірде Грузия өкілдері Тбилисиге оралады.