30-шілдеде Ташкентте болған лаңкестік әрекеттерді Қазақстан азаматтары жүзеге асырды - Өзбекстан бас прокуратурасы - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
30-шілдеде Ташкентте болған лаңкестік әрекеттерді Қазақстан азаматтары жүзеге асырды - Өзбекстан бас прокуратурасы

30-шілдеде Ташкентте болған лаңкестік әрекеттерді Қазақстан азаматтары жүзеге асырды - Өзбекстан бас прокуратурасы

Өзбекстан құқық қорғау мекемелері қазақстандық әріптестерімен бірлесе отырып 2004-жылдың 30-шілдесінде Ташкентте болған лаңкестік әрекеттерді жүзеге асырған жанкештілердің аты-жөнін анықтады. Бұл туралы Өзбекстан бас прокуратурасының хабарламасында айтылған, деп хабарлайды Ресейдің "Новости" ақпараттық агенттігі.

  • 23 Қараша 2004
  • 397
Фото - Caravan.kz

Қылмыскерлердің аты-жөні нақты анықталды. Соның ішінде адам ДНК-сына жасалған сот-биологиялық сараптама қорытындысы да оны растады, дейді бас прокуратурадағылар. Өзбекстан бас прокуратурасы ғимаратының фойесінде жанын пида еткен адам — 1966-жылы туған Тараз тумасы әрі тұрғыны Авасхан Шаюсупов болып шықты. Ташкенттегі Израиль елшілігінің жанында өзін-өзі жарып жіберген де Тараз тұрғыны, 1976-жылғы Мавлон Валиев екен. Тағы бір жанкешті — 1972-жылы Семейде туған, Атырау тұрғыны Дулат Ысқақов есімді адам көрінеді. Ол АҚШ елшілігінің жанында өз-өзін жарып жіберген. Үш жанкешті де Қазақстан азаматтары.

Осынау лаңкестік әрекеттер салдарынан нысандарды қорғаушы Өзбекстан ІІМ-нің үш, Ұлттық қауіпсіздік қызметінің бір қызметкері қаза тапқан. Жеті адам, соның ішінде қарапайым азаматтар түрлі дәрежелі жарақат алды.
Бұған дейін ҚР ҰҚК 30-шілдеде Ташкентте болған лаңкестік әрекеттердің бірін А.Шаюсупов жүзеге асырды деген ақпаратты растаған болатын.

Перейти к новостям спорта