31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні - kaz.caravan.kz
  • $ 493.85
  • 519.04
0 °C
Алматы
2024 Жыл
15 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

Бүгін талай боздақты сарсаңға салып, қасірет шектірген саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Қазақстан бойынша 125 мыңнан астам адам қуғынға ұшырап, 25 мыңнан астам адам ату жазасына кесілді. Сталиндік саясаттың құрбанына айналып, нақақтан нақақ оққа ұшқандар арасында қазақ зиялылары: ғалымдар, мәдениет және саясат саласының қайраткерлері, дәрігерлер бар еді.

  • 31 Мамыр 2023
  • 9
Фото - Caravan.kz

Тоталитаризмнің қанды шеңгелі қазақ зиялыларының да әйелдерін айналып өтпеді. 1938-1953 жылдар аралығында жұмыс істеген Алжир лагерінде 20 мыңға жуық әйел қамалып, 7 мыңнан астамы азап түрмесінде көз жұмды. Репрессия жылдары бүкіл елде 953 лагерь болса, Қазақстанда ГУЛАГ-тың 20-дан астам лагері орналасқан екен.

1930-1953 жылдары 40 миллионнан астам кеңес азаматтары репрессияға ұшыраған. Әсіресе, Кеңес Одағы құрамындағы халықтың бетке ұстар интелегенциясы заңсыз жазаланды. Бұл кезде қазақтардың 40 пайызы қаза тапқан. Адамзат тарихында ешқашан болмаған қанды қырғында Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, С.Сейфуллин, Б.Майлин т.б. көптеген саңлақ солақай саясаттың құрбаны болды.

1997 жылы Н.Назарбаевтың Жарлығымен 31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып жарияланды. Тәуелсіздік жылдары 340 мыңнан астам азамат ақталды. Кешегі ерлердің ерен еңбегі – бүгінгі елдіктің бастауы! Азаттық жолында жанын қиған боздақтардың асқақ рухына мың тағзым, ерлігін ешкім ұмытпауға тиіс!