31 қазан. АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
31 қазан.  АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

31 қазан. АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

31 қазан. СӘРСЕНБІ

  • 31 Қазан 2012
  • 625
Фото - Caravan.kz

Үнемдеудің халықаралық күні. 1988 жылғы қазанның 27-сінде 29 елдің жинақ кассаларының өкілдері Миланда өздерінің бірінші Халықаралық арнайы конгрестеріне жиналды. Конгресс жұмысының соңғы күні — қазанның 31-інде «барлық елдердегі жинақ банктік институттардың бірінші құрылтайын есте қалдыру» идеясы өмірге келіп, бұл күнді «Халықаралық Үнем Күні» (International Saving Day) ретінде жыл сайын атап өтуге шешім қабылданды. Алайда, құрылтайшылардың пиғылынша, бұл күні тек ақшаны үнемдеп қана қоймай, үнемді кең мағынасында: уақыт үнемдеуге, заттарға ұқыпты қару, т.б. мәселелерге қолдануға арнау қажет. 1989 жылы БҰҰ нұсқау қабылдап, онда қазанның 31-ін Халықаралық Үнем күні етіп бекітті.

Эквадордың ұлттық туы күні. Эквадордың көлденең сары, көк және қызыл түсті белдеулі туы 1860 жылғы 26 қыркүйекте қабылданған. Эквадорлық тудың сары түсі күн сәулесін, жердің байлығын, бидай мен жүгері алқабын, елдің дәулеттілігін бейнелесе; көк түс — аспанның, өзендер мен Тынық мұхитты; қызылы — бостандық үшін күрестегі патриоттардың төгілген қанын бейнелейді.

Қара теңіздің халықаралық күні

1996 жылы қара теңіз жанындағы алты ел — Болгария, Румыния, Түркия, Грузия, Ресей және Украина Қара теңізді қорғауға және сауықтыруға стратегиялық әрекет жоспарына қолдарын қойды.

Бұл жоспар теңіз жағдайы жан-жақты зерттеліп, соңғы үш он жылдықпен салыстырғанда теңіз ортасының өмір сүру маңыздылығы төмендегені анықталған соң жасалып шығарды.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

141 жыл бұрын (1871) Біржан мен Сара арасындағы айтыс өтті.

7 жыл бұрын (2005) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қазақстан Республикасы Үкіметі жанында Ғарыш жөніндегі кеңес құрылды.

7 жыл бұрын (2005) Шығыс Қазақстан облысының Көкпекті ауылында жаңа мешіт ашылды.

4 жыл бұрын (2008) Астанада Индустрия және сауда министрлігінде ІІ республикалық «Дайын отандық өнімнің үздік экспортёрі-2008» конкурсы аясында тұңғыш рет «Қазақстанның экспорттық әлеуеті: мәселелер мен шешу жолдары-2008» республикалық конференция болып өтті.

Конференция мақсаты — экономиканың шикізаттық емес жүйесінің экспортер-кәсіпорындары мен экспорт нарығының мемлекеттік реттеушілері, қаржылық институттар, инвесторлар, кеңес беру қызметін ұсынушылар арасында сындарлы диалог орнату үшін оңтайлы орын белгілеу.

5 жыл бұрын (2007) Павлодар облысының Жертұмсық ауылында кезінде Ұлы Отан соғысының майдан даласынан оралмай қалған жауынгерлерге арналған Даңқ обелискі тұрғызылды. Стелада — Отан үшін өмірін қиған 40 жерлес-жауынгердің есімдері қашап жазылған.

5 жыл бұрын (2007) С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Основы имиджелогии на примере Первого Президента Республики Казахстан» атты кітабының таныстырылымы болды. Бұл белгілі жинақтың екінші баспасы, онда ғалымдардың, белгілі саясаткерлер мен мемлекет қайраткерлерінің мақалалары жиналған.

ЕСІМДЕР

74 жыл бұрын (1938) режиссер, Қазақстанның халық әртісі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, тәуелсіз «Платиналы Тарлан» сыйлығының лауреаты, профессор АНДРИАСЯН Рубен Суренович дүниеге келді.

Ереван университетін, Ереван театр-көркемөнер институтын бітірген. Қостанай облыстық орыс драма театрының, Қызылорда облыстық қазақ драма театрының, Қазақ балалар мен жасөспірімдер театры орыс бөлімшесінің режиссері болып еңбек еткен. Қазір М.Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының көркемдік жетекшісі. Ол театр сахнасына көптеген қойылымдарды шығарып, өзіндік режиссерлік қолтаңбасын танытты.

«Еңбек Қызыл Ту», «Достық» ордендерімен, медальдармен марапатталған.

68 жыл бұрын (1944) Ресейдің еңбек сіңірген әртісі РЯЗАНОВА Раиса Ивановна дүниеге келді.

Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында туған.

Рязан музыкалық-педагогикалық училищесін, А.В.Луначарский атындағы мемлекеттік театр өнері институтын бітірген.

Музыкалық мектеп оқытушысы қызметін атқарған. 1979 жылдан — М.Горький атындағы киностудиясының актрисасы.

«Москва слезам не верит», «И все-таки я люблю…», «Не родись красивой», «Две сестры», «Next 3», «Ангел-хранитель», «Монтекристо», «Всегда говори «всегда» атты киноларында ойнаған.

КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

62 жыл бұрын (1950) Алматы облысы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі ЛОГУТОВ Николай Николаевич дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. В.И. Ленин атындағы қазақ политехникалық институтын бітірген. Институтты бітіргеннен кейін Металлургия және байыту институтында инженер болып жұмыс істеген. 1975 — 1976 жж. — Фрунзе аудандық комсомол комитетінің бөлім меңгерушісі. 1976 — 1977 жж. — Алматы қалалық комсомол комитетінің бөлім меңгерушісі. 1977 — 1981 жж. — Әуезов аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы. 1981 — 1983 жж. — Қазақстан Әуезов аудандық партия комитетінің бөлім меңгерушісі. 1983 — 1985 жж. — Қазақстан Алматы қалалық партия комитетінің бөлім меңгерушісінің орынбасары. 1985 жылы — халық депутаттары Әуезов аудандық кеңесінің атқарушы комитеті төрағасының орынбасары. 1985 — 1990 жж. — Қазақстан Әуезов аудандық партия комитетінің хатшысы. 1990 — 1992 жж. — халық депутаттары Калинин аудандық кеңесі атқару комитетінің төрағасы. 1992 — 1994 жж. — Әуезов аудандық әкімшілігінің басшысы. 1994 — 1998 жж. — «Құрылтай» сауда фирмасының төрағасы. 1996 жылы — Қазақстандағы Тверьуниверсалбанк өкілдігінің (Алматы қ.) директоры. 1998 — 2012 жж. — Алматы облысы Іле ауданының әкімі. 2012 жылғы қаңтардан бастап — бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі. «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған.

«Құрмет» орденімен наградталған.

42 жыл бұрын (1970) «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы, экономика ғылымдарының кандидаты, ТМД елдерінің еңбек сіңірген энергетигі СӘТҚАЛИЕВ Алмасадам Майданұлы дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.

1992-1997 жылдары — «ТаССаТ» ЖШС-ның директоры. 1997-1998 жылдары — «ҚазТрансОйл» МТҰК» АҚ-тың менеджері, клиринг департаментінің бастығы, жобаларды басқару департаментінің бастығы. 1998-2001 жылдары — «ҚазТрансОйл» МТҰК» АҚ-тың басқарушы директоры, экономика жөніндегі вице-президент. 2001-2003 жылдары — «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» «KEGOC» АҚ-ның қаржы директоры, экономика жөніндегі вице-президент. 2003-2006 жылдары — «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» «KEGOC» АҚ-тың бірінші вице-президенті. 2006-2007 жылдары — «Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстандық холдинг» «Самұрық» АҚ-тың «KEGOC» АҚ бойынша директоры — топ жетекшісі, «Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстандық холдинг» «Самұрық» АҚ-тың электр энергетикалық активтерді басқару жөніндегі директоры. 2007-2009 жылдары — Қазақстан Республикасының энергетика және минералдық ресурстар министрінің орынбасары, «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы «KEGOC» АҚ-ның президенті, бірінші вице-президенті қызметтерін атқарған.

«Қазақстан Конституциясына 10 жыл» медалімен марапатталған.

58 жыл бұрын (1954) Қазақстан журналистер одағы басқармасының төрағасы МАТАЕВ Сейтқазы Бейсенғазыұлы дүниеге келді.

Ресейдің Алтай өлкесінде туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген, журналист. Еңбек жолын жұмысшы болып бастады. 1980-1986 жылдары ҚазТАГ-тың Торғай, Қарағанды облыстарындағы тілшісі. 1986-1989 жылдары — «Индустриальная Караганда» газеті бас редакторының орынбасары. 1989-1991 және 1994-1996 жылдары — «Известия» газетінің Қазақстандағы тілшісі. 1991-1993 жылдары — ҚР Президентінің баспасөз хатшысы. 1993-1994 жылдары — ҚР Премьер-Министрінің баспасөз хатшысы. 1996 жылдан Ұлттық баспасөз клубының президенті және 2001 жылдан Қазақстан журнлаистер одағы басқармасының төрвағасы.

34 жыл бұрын (1978) Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары БЕКЕНОВ Қайрат Әскербекұлы дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Қазақ мемлекеттік басқару аадемисын, Құқық және нарық академиясын, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясын бітірген. 1995 жылдан әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің редакция-баспа бөлімінде корректор. 2000 жылдан — Алматы қаласы Медеу ауданы салық комитетінің салық инспекторы, Алматы қаласы Бостандық ауданы салық комитетінің бас салық инспекторы, ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің кеден кірістері басқармасының жетекші маманы. 2006 жылдан — ҚР Қаржы министрлігінің үкіметтік займдарды тарту басқармасының бастығы. 2007 жылдан — ҚР Президенті Әкішілігінің мемлекеттік ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас инспекторы. 2008 жылдан — Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары. 2009 жылдан — Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары. 2010 жылғы ақпаннан — Қызылорда облысы Жалағаш ауданының әкімі. 2011 жылдан ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы. Қазргі қызметінде — 2012 жылғы ақпаннан бері.

380 жыл бұрын (1632-1675) голландтық кескіндемеші ВЕРМЕЕР Ян (толық аты-жөні — Ян ван дер Меер ван Делфт) дүниеге келді.

117 жыл бұрын (1895-1970) ағылшын әскери тарихшысы және теоретигі ЛИДДЕЛ Гарт (Бэзил Генри) дүниеге келді.

90 жыл бұрын (1922-198) кеңестік театр және кино актері, КСРО халық әртісі ПАПАНОВ Анатолий Дмитриевич дүниеге келді.

90 жыл бұрын (1922-2012) Камбоджаның (1976 жылдан кейнгі елдің атауы — Кампучия) королі, премьер-министрі және президенті Сианук НОРОДОМ дүниеге келді.

48 жыл бұрын (1964) оңтүстікосетиялық саяси қайраткер, әлемдік қоғамдастық мойындамаған Оңтүстік Осетияың президенті КОКОЙТЫ Эдуард Джабеевич дүниеге келді.

Соңғы жаңалықтар