Жарияланды: 430

31 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі «Қазгидромет» РМК-нің болжауынша, 31 желтоқсанда Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады.

Қар жауып, қарлы бұрқасын болады, жел күшейіп, жекелеген аудандарда тұман түсіп, көктайғақ орнайды деп күтілуде. Тек республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысы антициклонның ықпалында болады, соған байланысты ауа райы жауын-шашынсыз болады деп күтілуде. Павлодар облысында қарлы бұрқасын болады, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, түнде кей жерлерде желдің екпіні 25 м/с-қа дейін жетеді. Ақмола облысында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, кей кездері желдің екпіні 25 м/с-қа дейін жетіп, қарлы бұрқасын болады. Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде боран болып, 15-22 м/с жылдамдықпен жел болады деп күтілуде. Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде боран болып, желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді, тұман түсіп, көктайғақ орнайды. Маңғыстау облысында 15-20 м/с-қа дейін жел күшейеді, күндіз тұман түсіп, көктайғақ орнайды. Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түсіп, күндіз 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Оңтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі. Қызылорда облысында 15-20 м/с-қа дейін жел күшейеді. Алматы облысында Алакөл маңында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде қатты аяз болады деп күтілуде.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін