31 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
31 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

31 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі «Қазгидромет» РМК-нің болжауынша, 31 желтоқсанда Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады.

  • 29 Желтоқсан 2012
  • 417
Фото - Caravan.kz

Қар жауып, қарлы бұрқасын болады, жел күшейіп, жекелеген аудандарда тұман түсіп, көктайғақ орнайды деп күтілуде.

Тек республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысы антициклонның ықпалында болады, соған байланысты ауа райы жауын-шашынсыз болады деп күтілуде.

Павлодар облысында қарлы бұрқасын болады, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, түнде кей жерлерде желдің екпіні 25 м/с-қа дейін жетеді. Ақмола облысында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, кей кездері желдің екпіні 25 м/с-қа дейін жетіп, қарлы бұрқасын болады.

Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде боран болып, 15-22 м/с жылдамдықпен жел болады деп күтілуде.

Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде боран болып, желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді, тұман түсіп, көктайғақ орнайды.

Маңғыстау облысында 15-20 м/с-қа дейін жел күшейеді, күндіз тұман түсіп, көктайғақ орнайды.

Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түсіп, күндіз 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Оңтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі.

Қызылорда облысында 15-20 м/с-қа дейін жел күшейеді.

Алматы облысында Алакөл маңында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде қатты аяз болады деп күтілуде.

Перейти к новостям спорта