317 мың гектардан астам жер телімі мемлекетке қайтарылады - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
317 мың гектардан астам жер телімі мемлекетке қайтарылады

317 мың гектардан астам жер телімі мемлекетке қайтарылады

Ауыл шаруашылығы айналымындағы 317 мың гектардан астам жер телімі мемлекеттік қорға қайтарылады. Бұл туралы Аймақтық даму министрі Болат Жәмішев мәлім етті.

  • 19 Қараша 2013
  • 376
Фото - Caravan.kz

«Жыл басынан бері мемлекет жерін түгендеу шарасы бойынша мынадай шаралар қолға алынды: бірінші – келіссөздер мен ескертулер нәтижесінде 762 мың 500 гектар алқаптағы 3064 субъекті жерді пайдалана бастады; екінші – 1098 субъектімегн бекітілген келісімдер біржақты тәртіпте бұзылып, 317 мың 400 гектар жер мемлекеттік қорға қайтарылды», — деді Б.Жәмішев.

Министрдің айтуынша, 476 мың 400 гектар алқап қожайыны табылмағандықтан иесіз мүлік ретінде тіркелді. 1 млн 544 мың 600 гектар алқапты пайдаланбаған 2395 субъектіге жазбаша ескерту жасалып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жерді тиісті мақсатта пайдаланбаған азаматтарға жалпы 4 млн 170 мың 800 теңге көлемінде айыппұл салыныпты.

Ал, тұрғын үй салу мақсатында берілген 17 мың 232 жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды, деді Б.Жәмішев.