31-қазандағы жағдаймен елімізде 187 бақылаушы аккредитацияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
31-қазандағы жағдаймен елімізде 187 бақылаушы аккредитацияланды

31-қазандағы жағдаймен елімізде 187 бақылаушы аккредитацияланды

31-қазандағы жағдаймен елімізде шетелдер мен халықаралық ұйымдардан 187 бақылаушы аккредитацияланды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 1 Қараша 2005
  • 386
Фото - Caravan.kz

Атап айтсақ, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар және адам құқығы жөніндегі бюросы миссиясының 44, ТМД миссиясының 38, халықаралық ұйымдардың 31, шетелдердің 74 бақылаушысы аккредитацияға ие болды.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар және адам құқығы жөніндегі бюросының миссиясын елші Одри Гловер, ТМД миссиясын одақтың атқару комитетінің төрағасы Владимир Рушайло басқарады. Қазақстандағы президент сайлауын Шанхай ынтымақтастығы ұйымының Халықаралық сайлау жүйелері қоры (IFES) мен ТМД елдеріндегі сайлауларға бақылау жасау жөніндегі ұйымының (CIS-EMO) өкілдері қадағалайды. Шетелдерден Түркия, Болгария, Израиль, Үндістан, Малайзия, Монғолия, Норвегия, Румыния, Украина, Өзбекстан, Тәжікстан және Беларусь республикаларының бақылушылары аккредитацияланған.
Қазақстандағы президент сайлауы 4-желтоқсанға белгіленген.

Перейти к новостям спорта